Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кино және театр өнерінің майталман актері, Халық әртісі, Қа...
Өз фильмдерін ұнатпаған танымал жеті режиссер
Фильм түсіру – өз алдына күрделі және біршама уақытты қажет ететін процесс. Фильмнің дайындық кезеңімен түсірілім барысында миллиондаған қаражат жұмсалып, бүкіл түсірілім тобы бірнеше ай бойы тапжылмай еңбек етеді. Шығармашылық ұжым фильмді бар махаббатымен жасап шығарғанына қарамастан, жобада өзіндік үлесі бар режиссер соңғы нәтижеге көңілі толмай жататыны тағы бар. Осы орайда, құрметті оқырман, Сіз үшін madeniportal.kz танымал әлемдік кинорежиссерлердің өздерінің фильмдерін сынап, тіпті олардан бас тартқан жеті түрлі оқиғаны назарларыңызға ұсынады.
«Американсая история X» (1998), режиссер: Тони Кэй
Тони Кэйдің дебюттік картинасы оның мансабындағы ең даулы фильм болып қала бермек. Фильмнің түсірілім барысында кинорежиссер мен New Line Cinema студиясы арасында түсініспеушіліктер жиі болды. Біріншіден, продюсерлердің Эдвард Нортонның басты рөлге мақұлдауын режиссер ұнатпады. Актер Нортон оған қарамастан өндіріс процесіне белсенді түрде кірісе бастады. Бұл, әрине, режиссер Кэйді ашуландырды. «Американская история Икс»-тің алғашқы екі сағаттық нұсқасы студияны қанағаттандырды, бірақ режиссер таспаны 87 минутқа дейін қысқартуды талап етті. Бұл жағдайға режиссер Кей ашуланып, тіпті өзінің атын титрлардан алып тастауын сұраған. Көптеген жылдар бойы сот процестерінен кейін режиссер өз дегеніне қол жеткізді. «Американская история X» фильмі бүгінде режиссер фильмографиясынан толықтай алынды.
«Страх и вожделение» (1953), режиссер: Стэнли Кубрик
Әр режиссер шығармашылығындағы мінсіз фильмографиясымен мақтана алмайды. Танымал режиссер Стэнли Кубрик өзінің дебюттік жұмысы «Страх и вожделение» әскери драмасын жақсы фильм деп санайды. Оның режиссерлік беделі өскен сайын Стэнли Кубрик бұл таспадан көңілі қалып, оны өзінің шығармашылығындағы дақ деп есептейді. Ақыр соңында, режиссер «Страх и вожделение» барлық сақталған көшірмелерін жасырып қалып, ешкім көрмеуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Әскери драманың түпнұсқасы кейіннен Пуэрто-Рико кино зертханасында табылды, ол жерден жеке мұражайлардың қарамағына өтті.
«Бэтмен и Робин» (1997), режиссер Джоэл Шумахер
Кейде «Бэтмен мен Робин» фильміне байланысы бар шығармашылық топ одан бас тартуға тырысатындай әсер қалдырады. Брюс Уэйннің рөлін сомдаған Джордж Клуни өзінің сәтсіз шыққан костюмі үшін көпшілік алдында кешірім сұраса, режиссер Джоэль Шумахер бірнеше рет қараңғы рыцарьдың жанкүйерлерінің алдында өзін кінәлі сезінетінін мойындады. 2017 жылы берген сұхбатында кинорежиссер: «бұл фильмге уақыт бөлгендердің бәріне қарызбын» деп мәлімдеді.
«Дюна» (1984), режиссер Дэвид Линч
Оскар сыйлығындағы жетістігінен кейін режиссер Дэвид Линч көп нәрсеге қол жеткізе алды. Нәтижесінде ол «Возвращение джедая» түсірілімінен бас тартты. Жазушы Фрэнк Герберттің «Звездные войны» шығармасымен таныстығы жоқ режиссердің фильмге бет бұруы батыл қадам болып табылды. Сценарий бойынша жұмыс барысында кинорежиссер картинаның көркемдік деңгейін жоғары етуге тырысып, бес түрлі жоба жазды. Өкінішке орай, жұмыстың соңғы нәтижесі оны мүлдем қанағаттандырмады. Оның үстіне ол Герберт романының көптеген жанкүйерлерінің көңілінен шықпады. Студияның «Дюна» бойынша екі сериялы телевизиялық фильм шығару туралы шешімі Линчті қатты ашуландырды. Ол да өзінің есімін титрлардан алып тастауды талап етті.
«Чужой» (1992), режиссер Дэвид Финчер
«Чужой» фильмінің триквелін жасауға продюсерлер американдық 28 жасар режиссер Дэвид Финчерге түсірілімді сеніп тапсырды. Жас режиссерге дайындыққа бар болғаны бес апта уақыт беріліп, сондай-ақ сценарийдің аяқталмаған нұсқасы ұсынылды. Сонымен қатар, режиссерге студияның шешімдеріне әсер етуге мүмкіндік берілмеді. Үшінші «Чужой» фильмінің жұмысы екі жылға жуық уақытқа созылды, оның барысында Финчер бірнеше рет жұмыстан шығарылды. Нәтижесінде режиссер түсірілім аяқталғаннан кейін жобадан кетуге шешім қабылдап, тіптен монтаждау жұмыстарына қатыспады. Кейіннен режиссер Финчерге әлі де фильмнің өзіндік нұсқасын шығаруды ұсынды, бірақ ол онымен ешқандай байланысы жоқ екенін айтып, бас тартты.
«Трансформеры: Месть падших» (2009), режиссер Майкл Бэй
Атақты голливудтық режиссер Майкл Бэй «Трансформерлердің» сиквелін ашық ұнатпайды, ол бұл туралы өзінің барлық сұхбаттарында бірнеше рет айтқан. Механикаландырылған Роботтар туралы фильмнің түпнұсқасы прокатта лайықты ақша жинап, керемет блокбастер болды. Осы орайда, студия екінші бөлімді шығару бойынша жұмысты еш ойланбастан бастады. Алайда, сценарийшілердің ереуілі фильмнің түсірілім барысына түзетулер енгізді. Режиссер Майкл Бэйдің айтуы бойынша, олар соңғы сценарийді аяқтауға үш апта ғана уақыт берілгенін және бәрі асығыс түрде жасалып, сценарий тіпті жартылай дайын болмағанын алға тартады. Режиссер екінші «Трансформерлер»-дің өндірісін он төрт беттен құралған сценариймен бастауға мәжбүр болған.
«Мстители: Эра Альтрона» (2015), режиссер Джосс Уидон
Джосс Уидонның алғашқы «Мститель» фильмі әлемдік прокатта 1,5 миллиард доллардан астам қаражат жинады. Бұл жетістік Джосс Уидонды танымал етіп қоймай, киноиндустрия саласында жоғарғы дәрежелі режиссерге айналдырды. Өкінішке қарай, Уидон өзінің жеңісін «Мстители: Эра Альтрона» фильмінде қайталай алмады. Режиссердің айтуынша, ол фильмнің бірінші бөліміне көп күшін жұмсап, келесі бөлімге демалыссыз келгенін алға тартады. Уидонның көптеген идеялары болды. Мысалға осы бөлімге бұрын-соңды танымал «Человек паук» кейіпкерін шақыртуды ойластырды. Дегенмен Marvel кинокомпаниясы бұл ұсынысын қанағаттандыра алмады. Продюсерлермен үнемі келіспеушіліктер және студияның түрлі кедергілері режиссердің өз жобасына деген құштарлығын бәсеңдетті. Ақыр соңында, режиссер фильмді толығымен көріп шығуға батылдық таныта алмаған.