Дело №2. Көрермен пікірі: «5:32»

КИНО
2128

Отандық «5:32» веб-сериалы көрермендер арасында үлкен резонанс туғызуда. Бірі мақтаса, енді бірі көруге құлықсыздық танытуда. Қалай десек те, бұл біздің отандық туынды. «Мәдениет порталы» аталған сериал жайлы көрермен арасында сауалнаманы жалғастыруда. Бірнеше бөлім болып жарияланатын сауалнаманың екінші бөлімін назарларыңызға ұсынамыз.

Сауалнама сұрақтары: 

1. «5:32» сериалын сіз не үшін көрдіңіз?

2. «5:32» сериалын басқаларға көруге ұсынар ма едіңіз? Неге?

3. «5:32» сериалынан жадыңызда қалған бір диалог

  Асан Мақсат, студент:  

  1. Детективтің қалай шыңдалатыны қызық болды. 
  2. Иә, себебі сақтықта қорлық жоқ. 
  3. Маньяк из студгородка: - Ведь у меня есть жёлтая карточка 

 

 Ермахан Сапарғали, студент:

  1. Өзімнің мамандығыма қатысы болған соң. 
  2. Біріншіден, қауіпсіздік үшін, екіншіден Юрфак студенттеріне ұсынатын едім. 
  3. У меня свадьба через неделю, это ұят, позор, завтра не дай Бог родственники узнают что я не чистая девушка, я больше никогда замуж не выйду

 Тулепбергенова Арайлым, ағылшын тілі пәні мұғалімі, магистр:

  1. Маған шынайы өмірдегі оқиғаға негізделген сериалдар ұнайды. Қазіргі кезде «5:32» өте танымал, ол да көрерменді тартады. 
  2. Иә, ұсынар едім. Өмірде бұндай жағдайлардың шынымен болатындығын ескерту үшін. 
  3. Бірінші сериядағы таксисттің анасына моншақ әкеліп бергендегі болған диалог: - Мама сен үшін ғой. Сол тұста мен жағамды ұстадым. 

Алмасқызы Нұрбану, студент:

  1. Сериалдың танымал болып кеткені, бәрінің көре бастағаны қызықтырып, менде көруге бел байладым. 
  2. Иә, бірақ әрине дисклеймерде айтылғандай тек ересек 21-ден асқан адамдарға, жүйке жүйесі мықты адамдарға ғана көруге ұсынар едім, себебі ауыр сахнаға толы және сақтану үшін көруге кеңес берер едім. 
  3. Бессистемный маньяктың бұрынғы ғашығына айқайлайтын сәті: - Как не помнишь. 

 Заитова Айкүміс, оқушы:

  1. Көпшіліктің ұсынысымен 
  2. Иә, себебі сериалдағы оқиғалар шынайы өмірден алынған жағдайлардан түсірілген. Адамдар білсін, көрсін деген ойдамын. Айналасындағы  жағдайларға бей-жай қарамауы керек. 
  3. - Уважаемый, вам куда? - Посёлок Кызылжар. 10 тг есть, подбросишь

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...