Қазақ режиссеры Әлімжан Құдабаевтың фильмі "Киношок" фестивалі төрешілерінің арнайы жүлде...
«Томирис» фильмі Халықаралық кинофестивальде бас жүлде алды
Жалпы шығыны 10 миллион доллар көлемінде болған, режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» фильмі қыркүйектің 2-сі мен 13-і аралығында Парижде өткен франциялық L'Étrange Festival кинофестивальінің Гран-приін жеңіп алды.
«Қазақфильмнің» баспасөз қызметі арнайы «Жаңа жанр» жүлдесін Франциядағы ең ірі ақылы телеарналардың бірі Canal+ табыстап, фильмді көрсету құқығын сатып алып, прайм-тайм уақытында көрсетуді жоспарлап отырғанын да айтты.
Аталған кинотуынды біздің заманымызға дейінгі VI ғасырда болған оқиғалар тізбегін баян етеді. Ұлы далада ғұмыр кешіп, әлемдік аңызға айналған батыр қыз жайлы Фильм 93 күнде түсіріліп біткен. Жалпы жобаны экранға толық шығару үшін екі жарым жыл уақыт жұмсалды. Түсірілім алаңында бір уақытта 800 адамға жуық кісі жұмыс істеген күндер де болған. Шығармашылық топтың құрамына ең көп дегенде 400 адам қатысқан. Төрт үлкен локация – Шонжы, Қапшағай және Алматы, Көкшетау өңірлерінде жасалған болатын.
"Біз ең басында мүмкін Вавилон, Кир патшасы бар кино бөліктерін Мароккода түсіреміз деп ойлағанбыз. Бірақ, біздің суретшілеріміз барып, ол жақтың декорацияларын көріп келгеннен кейін кішкене қаражат жағын үнемдеу туралы шешім қабылданды", – деген еді фильм режиссері Ақан Сатаев.
Фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» киностудиясында Sataifilm компаниясының қатысуымен түсірілген.