«Қазақстанда «Еуразия» кинофестивалі 2005 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл &ndash...
Жаңа кезең қазақ киносындағы кейіпкердің рухани әлемі (2015-2020 жылдар туындылары)
Жалпы адамзат үшін рухани әлемнің маңызы орасан зор. Ал, кино – осы рухани әлемнің насихаттаушы күші болып саналады. Өйткені, кинодағы кейіпкердің рухани бейнесі адам негізінде алынады. Адам белгілі бір кейіпкерлердің келуіне мотиватор болып табылады. Белгілі бір кейіпкерлер тобы жайдан жай келмейді, олардың алға қойған мақсаттары бар. Жалпы кейіпкерлер – қоғамның айнасы ретінде беріледі. Ол да белгілі бір тұлға қатарына жатады. Ал ендігі кезек қазақ киносындағы жаңа заман кейіпкерлерін екі образға бөліп талдауға көшелік. Олар: балалар образы және жігіттер образы.
Соның ішінде балалар образы ерекше ашылған. «Каникулы Off-line» фильмі комедиялық жанрда түсірілсе де, балалар образын ашық, анық көрсете білді. Ауылдың табиғатының қаланың табиғатынан ерекше әдемі екенін керемет суреттеп берді. Жалпы, фильмдегі балалар үнемі қызықты, кейде қауіпті жағдайларға тап болады. Фильм қарапайым ауылдағы балалар лагерінің қалай ұйымдастырылатыны жайлы. Әзіл-оспақ көп, ауылдық лагерь болса да қазақ дәстүрлері туралы аздап білуге болады. Менің ойымша, тәлімгерлерді ойнаған актерлер өте жақсы. Тікелей сенімді. Балалармен, әрине, біршама қиын, кейбіреулері шамадан тыс асып кеткен сияқты, бірақ бұл қалыпты жағдай десек болады. Кейбіреулері қаладан шыққан балалардың тілін таба алмайды, ал бұл фильм соларға арналған бір тәжірибелік сабақ болар еді. Бұл сондай күлкілі әрі жеңіл фильм болып шықты. Балалардың заманауи мәселелері қозғалды.
Гаджетке тәуелділік және тәуелсіздік. Оның қазақша сөйлегеніне қарамастан, фильмнің жартысын қандай әзілмен түсінуге болады. Актерлік шеберлік керемет. Өкінішке орай, балаларға арналған әзіл-оспақты, адамгершілігі мол фильмдер аз. Сондықтан бұндай фильмді әрі қарай жалғастырып түсіре беру керек. Бұл фильмде жанр басқа болғандықтан, кейіпкерлердің образдары да басқаша болған. Мысалға алып қарайтын болсақ, Мейірғаттың кейіпкері – ол басты кейіпкер өте салмақты, пысық жігіт, ал, Бека мен Еламанның кейіпкерлері – нақты айтқанда әзілдерді екеуі өз мойындарына алады және өздерінің деңгейлері де сондай болады.
Бұл фильмде балалар өте көп, бірақ оның ішінде іліп аларлық көзге бірден түсетін образ – Милан деген бала. Ол өйткені байдың баласы, үнемі телефонмен ойнап қалған, ештеңеде жұмысы жоқ, ерке болып өскен. Ауылға келіп сол ауылды басқалай елестететін бала. Яғни, ауылды менсінбей жақтыртпайтын бала фильмнің соңында мүлдем басқаша кейіпке өзгереді. Нағыз ауылдың баласы, еңбекқор бала болып шығады және сондай кейіптегі балаға айналады. Ауыл оны өмірге тәрбиелейді.
«Бала ғашық» фильміндегі оқиға Арал маңындағы балықшы ауылында өтеді. Айка бастаған алты бала малшы ауылдан осы теңіз жағасына интернатқа келіп орналасады. Мағжан Айкаға іштей ғашық. Бірінші күннен бастап жергілікті балалармен кикілжің басталады. Ақыры малшы балалары интернаттан қашады. Далада түнейді. Сол қорқынышты түні Мағжанның мінезі ашылады. Қыздар оның кім екенін біледі. Жалпы балалар образы өте қызық ойластырылған, бір шетінен қызық бұрын-соңды ер бала сияқты қыздар образы көрсетілмегесін, көрерменге ерекше әсер қалдырды. Және ерекше көзге түскен образ – ол Айка есімді қыздың образы. Ол өте ақылды, әрқашан жанындағы достарына көмек беруге дайын, ештеңеден қорықпайтын. Әрқашан қиын кезде ақылмен шешім қабылдайтын, жанындағы достарына қамқор болатын қайсар қыздың образы және бір шетінен қылықтары да ерекше болып келеді.
Бұл фильмдегі балалар да неше түрлі оқиғаларға тап болып, бастарынан қызық жайттарды кешіреді. «Каникулы Off-line» фильміндегі балалардың да оқиғасы тура осы қарқынмен дамиды.
«Бизнесмены». Ал бұл фильмде жігіттердің кішкентай жұмыстан бастап, үлкен бизнесмендікке жетуі туралы баяндалады. Ал, «Рэкитер 2» – бандиттер яғни, біздің тілмен айтқанда бұзақылар жайлы баяндалатын туынды.
Жігіттер образын алып қарайтын болсақ, «Рэкитер» мен «Бизнесмены» Ақан Сатаевтың өзінің фильмдерінде көбіне бір-біріне ұқсайтын үш образ бар. Нақтырақ атап өтер болсақ, бірінші образ лидер – нақты шешім қабылдай алатын, салмақты кейіпкер, ал, екінші образ – шамамен жеңілтек, тез шешім қабылдайды, позициясы тұрақсыз болады, үшінші образ – ол өзінің ойы жоқ, кез келген тиімді варианты нақты айтқанда өзінің принциптері ерекше болмайды көбінесе еліртіп кете береді және лидерді әрқашан қолдайтын өзінің сапасы болмайды. Осы характерлер екі фильмде де кездеседі. «Рэкитер» мен «Бизнесмены» фильмдерін алып қарайтын болсақ, нақты шешім қабылдайтын ол «Рэкитерда» Руслан болатын болса, ал «Бизнесмены» фильмінде Асқар Илиясовтың кейіпкері, екеуі де лидер, екеуі де нақты шешім қабылдайды және дұрыс шешім қабылдайды, асықпай шешім қабылдайды. Ал тез шешім қабылдайтын екінші образ кейіпінде «Рэкитерда» Жан, ал «Бизнесмены» фильмінде Серік Шәріптің кейіпкері, бірақ Серік Шәріп антоганист емес, ал «Рэкитер» фильмінде оны антоганист еткен, бірақ екеуінің кейіпкерлері өте жеңілтек, тез шешім қабылдайды. Үшінші образ ол өзінің ойы жоқ, басты лидердің жанында жүретін ол «Рэкитер» фильмінде Саян, бұл жерде оны басты кейіпкер еткен бірақ оның кейіпкерінің ары қарай дамытқанда өзі лидер болатындай дәрежеге жеткізген. Жалпы стилистикалық жағынан фильм жанрлары ұқсағаннан кейін де болар, образдар бір-біріне ұқсас, екі фильмде де 90-шы жылдарды алған, ал 90-шы жылдарда көбіне ерлер қауымы бұзақылық өмірге жақын болған. Екі фильмде де бизнес туралы алынған, біреуінде бизнес жайлы анық емес.
Қорыта келе, осындай фильмдер қазіргі таңда сұраныста тұрған фильмдер қатарына жатады. Өйткені көпшілік жасөспірімдерді осы бағыттар бойынша фильм тамашалаған қызықтырады. Жалпы кино майталмандарына ерекше алғыс білдірген жөн сияқты. Біздің отандық туындылардың әлемдік сахнаға шығуы үшін көптеген жұмыстар атқарылуы қажет. Неге отандық туындыларымыз тұрғанда басқа елдерге еліктеп, солардың салған жолымен жүруіміз керек деген ойдан аулақ болған дұрыс.
Қазақ киносының жетістігі ол – қалыптасу және даму процесінде өзінің жеке шығармашылық кадрлары кәсіби түрде өсті: режиссерлер, операторлар, суретшілер, дыбыс техниктері, тамаша өндіріс ұйымдастырушылары: режиссерлер мен фильм әкімшілері болып саналды. Сонымен, шетелдерде танылған ұлттық өнердің жаңа, күрделі түрін жасау, кино мамандарын даярлау және жақсы фильмдер сериясын шығару – бұл қазақ киносының үлкен жетістігі болар. Сұраныс жағынан жоғары дәрежеде болғандықтан осындай фильмдер шығарылғаны дұрыс. Өйткені, көрермендерді және рейтингті ең бастысы қазақ киносының деңгейін көтеру үшін осындай жанрдағы фильмдер шығарылуы тиіс.
Еркежан БАҚЫТЖАН,
«Кинотану» мамандандыруының 3 курс студенті (ҚазҰӨА)