Алматыдағы барлық кітапханаларға жөндеу жұмыстары жүргізіледі

КІТАПХАНА
1641

Алматыда жазушылар мен оқырмандар үшін барлық жағдай жасалады. Бұл туралы AIF-2019 инвестициялық форумында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Мәдениет порталы"

Алматыдағы барлық кітапханаларға жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қосымша жаңалары салынады. Сонымен қатар, алдағы уақытта кітапханалар қоғамдық кеңістікке айналады.

«Кітапханаларда біз жас қаламгерлерді өз туындыларын iTunes, yandex, bookmate, amazon секілді сандық құралдар арқылы табысты сату және ілгерілету әдістеріне үйрететін боламыз. Бізде өзіндік қолтаңбасы бар, мәдени және тарихи мұралар ана сүтімен дарыған шынайы талантты жазушылар бар. Тиісті қолдаудың арқасында біздің жазушыларымыз дүниежүзі бойынша өз оқырмандарын табарына сенімдімін», - деді әкім.

Сонымен қатар, ол Алматы қаласын қазақстандық сәулетшілердің негізгі оқу орталығы деп атады. Әкімдік мегаполистің бірегей тарихи ғимараттары туралы ақпарат жинау жұмыстарын бастады. «Бірыңғай сәулеттік және дизайнерлік кодты жасап, қаламыздағы болашақ объектілердің құрылысына енгіземіз. Қазіргі дизайн тарихи ғимараттармен үйлесуі тиіс. Жаңадан салынған әрбір объект қаламызды тартымды етіп, ерекшелей түсуі қажет»,- деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. 

Әкімнің пікірінше, Алматыдағы сән көрсетілімдері дәстүрлі іс-шаралар ғана емес, сондай-ақ сән индустриясының проблемаларын талқылап, оны шешу жолдарын іздестіретін алаңға айналуы тиіс. « Біз жұмысын жаңа бастаған жас дизайнерлерге шеберханалар ұсынып, өнімдерін ішкі нарықта насихаттауға көмектесеміз»,- деді Сағынтаев. 

Жаңа медиа – бұл Алматыда пайда болып, қарқынды дамып келе жатқан интерактивті электрондық басылымдар. Оның дамуы әлеуметтік желілер мен блог-платформалар танымалдығының артуына да тікелей серпін берді. «YouTube, Instagram, Twitter сияқты платформалар минималды инвестициялардың көмегімен танымал контент құруға және жақсы ақша табуға мүмкіндік берді. Осылайша, біздің жастарымыз үлкен жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Олар Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар ТМД елдерінде де біршама танымал. Мұндай қызығушылыққа қолдау көрсетіп, әрі қарай дамытуымыз қажет»,- деді әкім. 

Сонымен қатар, ол ойын-сауық индустриясы - қоғамдық орындар, мұражайлар және заманауи өнер туралы айтты. «Алматы қаласының «Күн белдеуі» үлкен аттракциондар паркін құруға мүмкіндік береді, олар тек Қазақстан өңірлерінің тұрғындары үшін ғана емес, шетелдік туристер үшін де тартылыс аймағына айналады. Біз оқиғалы туризмді дамытамыз. Ел ішінде де, шетелден келген қонақтарды да тартатын концерттер, шоу, фестивальдар, қойылымдар өткізу қажет. Сондай-ақ ойын түрінде оқытуға (edutaintment) негізделген нысандарды дамыту қажет. Бұл музейлер, көрмелер және басқа да қоғамдық кеңістік, мұнда тұрғындар мен қонақтар, әсіресе балалар ойын-сауық арқылы еліміздің, қаламыздың, өлкеміздің бай тарихын таниды»,- деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. 

Сөз соңында Сағынтаев, Алматыда жұмыс істейтін тұрғындардың 70% жоғары білімді екенін атап өтті. Мегаполисте - 39 жоғары оқу орны бар. Жұмыспен қамтылғандардың үштен екісі (2/3) шағын және орта кәсіпкерлікте, ол қазынаға салықтың 63%-ын әкеледі. Инвесторлар үшін жаңа қолдау құралдары салынды. Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы базасында «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсететін Almaty Invest орталығы ашылды. Қала әкімі инвесторларды мегаполис экономикасын дамытуға шақырды.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...