Астанада Пикассо туындыларының көрмесі ашылды

ЖАҢАЛЫҚТАР
3061

Астанада алғаш рет атақты суретші Пабло Пикассо көрмесі шымылдығын түрді. Ұлттық музейде оның тың туындыларынан құралған экспозиция ашылды. 

Кубизм кескіндемесінің негізін қалаушы Пикассоның жұмыстары мазмұны жағынан өзгеше. Көрмеге қойылған құмыралар мен тәрелкелер, «Селестина» шығармасына үйлестіріліп жасалған графика суретшіні жаңа қырынан танытады. Жалпы жеке еуропалық топтама арасынан жүзге жуық жәдігер тарихтан сыр шертеді. 

Мадина Сұлтанова, өнертанушы, көрме кураторы:

 - Керамикадан жасалған жұмыстар да, графикалық картиналар да көздің жауын алады. Өйткені осы жәдігерлер жай мұра болып қалмай, белгілі испан жазушысы Мигель де Сервантестің «Дон Кихот» романына жасалған суреттемемен пара-пар десем артық айтқандығым емес.
Madeniet.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...