Ерлан Айтуаровтың «Түрік жебесі» атты көрмесінің тұсаукесері өтті

КІТАПХАНА
5995

Елордада Қарулы Күштер тарихи-танымдық мұражайында Қазақстан суретшілер академиясының академигі, белгілі суретші, ҚР мәдениет қайраткері Ерлан Сақыпұлы Айтуаровтың «Түрік жебесі» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрме Қазақстан Қарулы күштерінің 30 жылдығына арналған. Көрмеге келген көпшілік қауымды өнер арқылы Отан қорғауға,отаншылдыққа, патриоттық сезімге тәрбиелейді. 

Белгілі қылқалам шеберінің шығармалары тарихи картина, портрет, пейзаж жанрларын арқау етіп, тарихи тұлғалар Ұмай ана, Сүбетай Баһадүр, Алаш хан, Бату, Тәуке, Жошы, Қасым, Керей мен Жәнібек, Әбілқайыр, Кенесары хандар көркем бейнелен. Сондай-ақ суретші көпшілік қауымға тарихын, рухани дәстүрін танып білуді сурет арқылы жеткізген.

Көрмеге суретшілер, зиялы қауым өкілдері қатысты. Қазақстан Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев көрменің тұсаукесер рәсіміне жолдаған арнайы құттықтауында , «Суреткер ретінде Көк тәңірінен әрі, Қазақ хандығынан бергі тарихты қылқаламмен өрнектеп, көрермен қауымның назарына ұсыну зор еңбек екені ақиқат. Халық қаһармандары мен қолбасшылар, соғыс өнері және қару-жарақ үлгілері Сіздің туындыларыңызда жан-жақты қамтылғаны аса маңызды. Сурет өнеріндегі кенже қалған тақырыпты түлетуге сіңірген еңбегіңіз айрықша»,- деп бағалады. 


Айта кетейік бүгінде суретшінің картиналарыңы Қазақстанмен бірге Ресей, Франция, Германия, Израильде тағы басқа көптеген елдердегі өнер музейлері мен жеке жинақтарда сақталған. «Жер ана», «Шыңғысханның жебесі», «Аламан бәйге» т.б. кескіндеме жұмыстарының, сондай-ақ «Салықата», «Абай» портреттік жұмыстарының авторы.

Салтанат Есенқұлова

Фото: дереккөз

author

АЙТУАРОВ ЕРЛАН САХИПҰЛЫ

СУРЕТШІ

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...