Алматыда ойын сауық орнында болған атысқа қатысты полиция күдіктілерді іздеуге кірісті

Фото: massaget.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
3028

Алматыдағы Жандосов пен Гагарин көшелерінің қиылысындағы "Мята" ойын-сауық орнында атыс болды. Оқиға орнына полиция, жедел жәрдем, медициналық сарапшылар келді, деп хабарлайды madeniportal.kz Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Атыс туралы ақпарат әлеуметтік желіде жария болды. Өтіп бара жатқан адамдардың айтуынша, алғашында төбелес болып, арты атысқа айналған. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

"Күдіктілерді ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені өткізіледі. Алдын ала мәліметтер бойынша жанжал бейтаныс адамдар арасында болған", - деп хабарлады баспасөз қызметі. 

PESTEL

Түркияның Ыстанбұл қаласында 26 жастағы қазақстандық қыз қайғылы жағдайда қаза тапты. Алдын ала мәлі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көріпкел Ақгүл Есетқызы Ақтау маңындағы Каспий теңізінде оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 14 сарбазға...