Электронды ресурстарды пайдалану залы

КІТАПХАНА
2682

ҚР ҰАК электронды қорларын тиімді басқару, дерекқорларға, мультимедия топтамаларына, Интернет қорларына қол жеткізуді ұйымдастырып, қамтамасыз ету электронды ресурстарды пайдалану залы жұмысының негізгі бағыты болып табылады.
Зал қызметі алыс және жақын шетелдердің ірі ақпаратты жинақтайтын ұйымдарының электронды каталогтары мен қашықтықтағы дерекқорларға қол жетімділікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларды мониторингтеу мен болжамдауға, тестілеу мен бағалауға бағытталған. 
Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапхансы қорынан, сонымен қатар Қазақстан мен Ресей кітапханаларының қорларынан құжаттарды электронды жеткізуге тапсырыстар қабылданады. 

Электронды ресурстарды пайдалану залы келесі қызметтерді ұсынады:

•    ғаламтор желісіне тегін қолжетімділік;
•    Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхананың қорларына қолжетімділік;
•    жазылып алынған қашықтықтағы толықмәтінді дерекқорларға қолжетімділік; 
•    құжаттарды электронды  жеткізу; 
•    стандартты бағдарламалар бойынша компьютерлерді пайдалануға ұсыну;
•    мультимедиялық басылымдарды және ақпараттық технологиялар туралы  мерзімді басылымдарды қарау; 
•    «Толықмәтінді реферативтік дерекқорларда іздестіру», «Компьютер және Интернет пайдалану негіздері» атты ақысыз тренингтер; 
•    баспа құжаттарын сканерлеу; 
•    мәтіндерді қағазға басып шығару; 
•    ақпаратты іздестіру бойынша кеңес беру.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...