Қай сала мамандарының жалақысы 100% көтерілетіні белгілі болды

КІТАПХАНА
1408

2025 жылы кітапханашылардың жалақысы 100 пайызға дейін көтеріледі.

2025 жылы кітапханашылардың жалақысы 100 пайызға дейін көтеріледі. Бұл туралы Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Қуат Бораш мәлімдеді, – деп хабарлайды madeniportal.kz qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Қазір Қазақстанда 11 мыңға жуық кітапхана бар. Олардың үшеуі Республикалық мәртебеге ие. Жалпы кітап қоры – 328 миллион. Ал еліміздегі оқырман саны 9,5 миллионға жеткен. Республикадағы кітапханалардың 79%-ы ауылдық жерде орналасқан.

Сондай-ақ, елімізде 70 мыңнан аса құнды құжаттар мен сирек кездесетін кітаптардың электронды нұсқалары сақталған. Қазірдің өзінде әлемнің 100-ге жуық оқырманы оларды емін еркін пайдаланып отыр.

«Көшбасшы елдер қатарында Қазақстан, Ресей, АҚШ, Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан, Түркия бар. Бүгінгі таңда Ұлттық электрондық кітапхана авторлық құқық сақталған құжаттардың толық мәтіндерін қамтып отыр. Қазақстандық ұлттық электрондық кітапханасын дамыту жұмысы қарқынды жүргізіле беретін болады», - дейді Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Қуат Бораш.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...