Бүгінде елордада еліміздің бас қаласының 20 жылдығына арналған жылсайынғы «Астана» халық...
Көздің қарашығы мен интеллекті арасында тығыз байланыс бар
Джорджия технологиялық институтының (АҚШ) ғалымдары адамның көзінің қарашығының көлемі мен оның танымдық қабілеттерінің арасындағы тығыз байланысты анықтады.
Адамның көзінің қарашығы тек жарыққа немесе көруге ғана жауап бермейді, дейді мамандар, Scientific American мақаласында. Қарашықтың көлемі толқуды, қызығушылықты немесе ақыл-ойдың сарқылуын да білдіреді екен. Көздің қарашығының кеңеюі мен тарылуы ФБР-дің жұмыстарында да керекке жарапты. Осы арқылы АҚШ-тың ФБР қызметі талай істің шешімін тауып жатыр екен.
Зерттеу жұмыстары қарашықтың көлемі ақыл-ойдағы процестермен де тығыз байланысты екенін көрсетті. Қарашықтар неғұрлым үлкен болса, адамның интеллектсі соғұрлым жоғары болады.
Эксперимент ретіндегі зерттеуге 18-35 жас аралығындағы 500-ден астам адам қатысқан. Ғалымдар әр қатысушының қарашығының көлемін айтрекинг әдісі көмегімен өлшеді.
Содан кейін қатысушыларға интеллект, логикалық сұрақтар, белгілі бір уақыт аралығында ақпаратты есте сақтау қабілеті және алаңдаушылық пен кедергілерге назар аудару қабілеті бойынша танымдық сынақтар ұсынылды.
"Біз қарашықтың үлкен базалық көлемі мобильді интеллектпен, зейінді басқарумен және төмен деңгейдегі жадының жұмысымен байланысты екенін анықтадық. Бұл ми мен көздің өзара тығыз байланысын көрсетеді" деп отыр мамандар.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы