Сусыз жерден ну да қашады

Жаңалықтар
3465
Ақмола облысының әкiмi 
Ермек Боранбайұлы Маржықпаевтың назарына!!!

Көкшетау қаласындағы Қопа көліне не болған?! Мына фотосуретті көріп жүрегім ауырып отыр! Студенттік жылдарымыз, жастық шағымыз осы көлдің жағасында өтіп еді!
Қазір сор-батпақ басып кеткен! Қаланың ортасындағы көл саси бастаған!
Өткен жылдары бұрынғы әкім Мәлiк Мырзалин Зерендi балық питомнигiнде өсiрiлген 13 мыңға жуық ақ амур және 3 мыңға тарта дөңмаңдай балығын көлге жiберген екен. Онысы дұрыс. Балық көбейсін деген шығар. Бірақ сол жіберген балықтары тірі ме екен?! Соның кері кесірі тиіп жатқан жоқ па?! Тартылып бара жатқан көлде балық өмір сүре ала ма?!
Әкімдік көл жағасына жақын орналасқан 100-ден астам жер үй сүріліп, жаңа құрылыс салынады депті. Әуелі құрылыс салмас бұрын көлді сасытпай тазалау керек қой!
Ақмола облысының басшылары алдағы аптада Қопа көліне қатысты нақты жұмыстардың жоспарларымен таныстырсын, мына қиын жағдайға шұғыл шара қолдансын деп талап етемін!

Нақты жауап күтемін!
Қолдайтындар бөлісіп жіберіңіздер!

Бауыржан Қарағызұлының фейсбук парағынан алынды

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...