Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева кітапхана саласының қызметкерлерін кәсіби мерекеcі...
«Құнды тарту» залы
Залдың салтанатты ашылуы 2015 жылдың 25 қарашасында болды. Бұл залдың қорындағы кітаптар «Құнды тарту» акциясы аясында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына сыйға тартылды. Топтама құрамында – білімнің әртүрлі салалары бойынша: тарих, философия, экономика, саясат, тіл білімі және әдебиеттану, түркітану және өнер туралы басылымдар бар. Олардың ішінде – көркемдік безендірілуі бойынша сирек репринтті, аз тиражды, полиграфиялық орындалу үлгілері, түптелу өнері жағынанкеремет кітаптар, шағын басылымдар.
Бұл каталогтағы сирек кітаптар: 700 жылдардан бастап бір әулеттің үрім-бұтағының бастамасымен қағаз бетіне түсірілген «Құран тәпсірлері», яғни ежелгі Құран түсініктемесі; Джон Рашуоттың тарихи топтамасынан 1886 жылы жарияланған 10 шежіренің бірі; 1734 жылы Парижде баспа бетін көрген Қытай, Иран, Үндістан және Жапониядан түпнұсқа түрлерінде жинақталған қытай картиналары бойынша кітаптар; «Живописное путешествие по Азии» (1839-1840) атты бірегей басылым;Брокгауз бен Ефронның(1890-1901) энциклопедиялық сөздігі, 82 томы және 4 қосымшасы; әр кезеңдердегі Құран бсылымдары және басқалар.
«Құнды тарту» залының қоры 5511 атаудан тұратын 5927 дана кітаптан тұрады. 5619 дана кітаптың 300 данасы қазақ, 4513-і орыс, 1114-і шет тілінде.