С. Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасы

КІТАПХАНА
9681

С. Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасы

Алматы қаласында, Төле би мен Достық даңғылының қиылысында өте ескі ғимарат, ХІХ ғасырдың тарихи-архитектуралық ескерткіші (1877ж. салынған) орналасқан.

Әр күні ертемен ұл-қыздардың бірнеше буыны кезекті кітаптарын ауыстыруға, реферат жазуға, компьютерде жұмыс жасап, бір-бірімен байланыс жасау, тілдесу үшін күнде осы жерге келеді.

Бұл нендей ғимарат? Ол не себепті бірнеше мыңдаған балаларды өзіне тартады? Өткенге азғана көз жүгіртейік.

Бұл ғимарат сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқанына байланысты Алматы қаласының үлесіне тиген барлық жер сілкіністеріне қарсы тұра білуімен-ақ есте қалады.

Алғашында мұнда Верный қаласының ерлер гимназиясы орналасқан, онда тәрбиеленушілер арасында Жетісудың атақты адамдары Д.Бәрібаев, Т.Бокин, О.Жандосов, А.Розыбакиев т.б. болған.

1930 ж. ғимарат Қазақ ССР-ң 10 жылдығы атындағы Жетісудың көпшілік кітапханасына берілген. Оны ұйымдастырушы және алғашқы директоры О.Жандосов болған. Кейіннен, 1971 жылға дейін Қазіргі Абай даңғылындағы Ұлттық кітапхана, 1971 жылдан қазірге дейін Қазақстанның Мемлекеттік Республикалық балалар кітапханасы орналасқан.

«Бегалинканың» оқырмандары олардың сүйікті кітапханасының қалалық тарихи-мәдени «Астана» ансамбліне кіргенін мақтан тұтады.

Балалар кітапханасының туған күні 10 мамыр 1951 жыл. Дәл осы күні кітапхананы құру туралы жарлыққа қол қойылды, ал 31 желтоқсан күні кітапхана өзінің алғашқы оқырмандарын қабылдады.

Кітапхананың алғаш ашылғанда 16 мың кітап қоры мен 5 бөлімі болған. Өзінің жарты ғасырлық тарихында ол тұрақты кеңейді, бекіді, жетілді.

1971 жылы осы ғимаратқа көшіп-қонуымен қатар кітапхана Мемлекеттік Республикалық статусын алды. 1996 жылы қазақ балалар әдебиетінің классигі Сапарғали Бегалин есімі берілді.

Қазіргі кезде С.Бегалин атындағы Мемлекеттік Республикалық балалар кітапханасы еліміздегі ең басты балалар кітапханасы, елімізде балалармен жұмыс жасайтын барлық кітапханаларға әдістемелік қолдау көрсететін ақпараттық орталық, ұлттық балалар әдебиетін сақтайтын орын.

Кітапханадағы 11 бөлімнің 6-уы тұтынушыларға тікелей қызмет көрсетеді. Жыл сайын мұнда кітап оқуға 15 мыңнан аса оқырман келеді. Бұлар негізінен 2-16 жас арасындағы балалар, олардың ата-аналары және балалардың оқуға деген ынтасын арттыруға мүдделі ұстаздар, тәрбиешілер, кітапхана қызметкерлері.

Бұл өз микроклиматы, тәртібі және заңы бар нағыз кітап қалашығы. Ал ең басты заң былай дейді: «Кітапхана балалар үшін ең жылы үй».

«Бегалинкада» балаға табыну, оны сыйлау, оған қызмет көрсету қалыптасқан.

author

Сапарғали Бегалин

ЖАЗУШЫ

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...