Оңтүстік Қазақстан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының негізі 1961 жылы қаланды. 1...
Ұлттық библиография қызметі
Негізгі бағыттары:
-Қазақстанның қоғамдық және гуманитарлық ғылымдары, мәдениеті мен өнері жайында іргелі библиографияны қалыптастыру;
- Қазақстанның қоғамдық ғылымдары, мәдениеті, әдебиеті, өнері мен тіл білімі жөніндегі ағымдағы ғылыми ақпараттың библиографиясын қалыптастыру;
- Авторитеттік/нормативтік файлдар жазбаларының ұлттық дерекқорын қалыптастыру.
Негізгі міндеттері:
- ретроспективтік ғылыми-көмекші библиографиялық құралдарды (тарих, әдебиет, мәдениет пен өнер бойынша және библиографияның басқа түрлерін) дайындап шығару;
- ұсыныстық библиографиялық құралдарды: Қазақстан Республикасының аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегін, Қазақстан қайраткерлерінің биобиблиографиясын құрастыру;
- оқырмандар сұранысы бойынша Қазақстан туралы күрделі жазбаша библиографиялық анықтамаларды орындау;
- ағымдағы ғылыми-ақпараттық библиографиялық құралдар – реферативтік журналдар дайындап шығару;
- библиографиялық картотека мен баспалық библиографиялық құралдардағы библиографиялық жазуларды электронды түрге көшіру (конверсиялау);
- ұлттық авторитеттік жазбаларды: «есімдер», «әулет есімдері», «бірыңғайланған бас тақырып», «жағрафиялық атаулар», «пәндік айдар»; қалыптастыру үшін авторитеттік/нормативтік файлдарды ұйымдастыру, жүргізу және редакциялау.
Құрылымы:
- ретроспективтік және ұсыныстық библиография тобы;
- авторитеттік файлдарды қалыптастыру тобы.