Қазақстанда орыс жазушысының “Қазақтарды қалай басқару керек?” атты кітабы сатылып жатыр

Alash.kz ақпараттық агенттігінен алынды

КІТАПХАНА
1902

Қазақстан халқын Иван Кириллов есімді бір жазушының "Қазақтарды қалай басқару керек" деген кітабы ашуландырды, деп хабарлады Alash.kz ұлттық порталы.

Иван Кирилловтың даулы "Қазақтарды қалай басқару керек" деген кітабы танымал жанармай құю станциясының сөрелерінде сатылуда. Сонымен қатар, бұл басылымды интернет-дүкендерден табуға болады.

Қазақстандық блогерлер Нұрқожа Бауыржанұлы мен Елзат Мұкашев Иван Кирилловтың кітабын "Компас" жанармай құю станциясында байқаған. Олар мұндай кітаптарды Қазақстанда сатуға болмайтынын баса айтты. Олардың айтуынша, "Компас" жанармайы үлкен туристік ағын өтетін жерде тұр.

"Ар-ожданым мені бей-жай қалуға жол бермей тұр, мұны қалай жай қалдыруға болады өзі? Қақ алдымда орыс ұлтының адамдары тұрып,кітапты видеоға түсіріп келемеждеп жатты. Бұл жағдай менің ар-ұжданыма қатты тиеді. Мұны рұқсат еткендердің ұяты бар ма?! Осы жанармай құю станциясынан көптеген туристік компаниялардың автобустарының маршруттары өтеді, шетелдіктер өте көп.

Бұл қазақ пен қырғызды бөлу, орыстың тағына бағындыру процесі . Кітаптың мұқабасында хандардың бірі орыс офицерлерінің алдында иіліп тұр", – деп ашуланды блогерлердің бірі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада көпқабатты үйдің қасбеті құлаған сәтте өзгелерге көмек көрсетуге ұмтылып жүріп ауыр жаралан...