Абай атындағы Мәдениет үйі ашылды

ӘДЕБИЕТ
5920

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында Абай атындағы Мәдениет үйі ашылды. 

Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов Facebook желісіндегі жеке парақшасында жазды. 

«Глубокое кентінде Абай Құнанбайұлы атындағы Мәдениет үйінің ашылу салтанатына қатыстым. Осы сәтті жергілікті тұрғындар, әсіресе аудан орталығының жастары жылдар бойы күтті. Сыйымдылығы 300 орындық көрермен залы, үлкен сахнасы, сондай-ақ үйірме сабақтарын өткізуге арналған шеберханалары бар жаңа мәдениет үйі еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін жиналып, бас қосатын орынға айналатыны сөзсіз», - деді облыс әкімі. 

Оның айтуынша, жаңа мәдениет ошағының алдында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының бюсті орнатылған.

author

Абай

АУДАРМАШЫ

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...