Айнұр Төлеу. Енді өзіңді өртеу - менің тілегім.

ӘДЕБИЕТ
1741

Таныдың ба?
Таныдың ғой, білемін!
Кеше ғана өрттен қалған Күл едім.
Гүл боп қайта түледім!
Енді өзіңді өртеу - менің тілегім.

Ынтығасың...
Жұпар жұтқың келеді!
Есіңде жоқ өртегенің, себебі!
Түсінбеп ем, - тұрған жерім қай алап?
Мезет сонда таң ба, әлде кеш пе еді?
Мөлдір-мөлдір көз жасымды алақаныммен аялап,
Өртке сепкем...
Өшпеді!

Сыныққанат Жаныңды алып,
Желмен ұшып келдің бе?
Жалаңдаған жалынды
Алып
Санамаймын мен мүлде!

Күйкі әлемге қабағымды бір шытпай,
Күйдірейін,
Көзіңнен жас ыршытпай!
Күліп тұрып - өртен, егер, өр болсаң!
Біліп тұрып, түтін жұттым, тұншықпай...
Сол баяғы өлеңді оқы, таң қылып,
Бірінші рет естігендей, паң күліп
Тұра берем,
Ту сыртыңнан
Сені шала жандырып!..

author

Айнұр Төлеу

АҚЫН

Әлем

JetBlue әуе компаниясының Airbus A320-232 ұшағы 6 қаңтарда Нью-Йорктегі Джон Кеннеди әуежайынан ұшып...

Айна

Бұл сұрақ барлық адамды ойландыратыны анық. Өйткені бір жылдан бері күнде таңертең өзгелерден екі-үш...