Адамзат баласының өзге биожаратылыс иелерінен өзгешелігі де артықшылығы да – тіршілігі барысын...
Айзат Қадыралиева. Жылтыңдай беруге жаным қас
4104

Театрдың төңірегінде айтылар мәселе өте көп қой, соның бірін ғана айтайын. Өйткені, осы мәселе көлбеңдеп алдыңнан қайта-қайта шыға береді. Театр режиссерлерін, актерлерін түнгі екіде оятсаң да жаңылмай айтатын бір жаттанды сөздері бар. Ол "бізде драматургия жоқ" деп әндете берулері. Соған қарағанда бұл жауыр болған сөз олардың "сүйікті тіркесіне" айналып кеткен сияқты. Әшірбек Сығай: "Бізде драматургия бар. Ең бастысы өте жақсы әдебиет бар. Ауызды қу шөппен сүрткенше сол құнарлы көркем әдебиетімізді сахнаға шығару керек... " деп түрлі мысал келтірген, біз де талай келтіргенбіз. Бірақ сол бір сөзден құтыла алмай келеміз. Бұл әлде олардың самарқаулықтарына сылтау болып тұрған сөз бе екен?!