Алматыда Олжас Сүлейменовтің 90 жас мерейтойы аталып өтті

Фотосурет Алматы қаласы әкімдігі

ӘДЕБИЕТ
144

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысының атынан ақын әрі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовті 90 жас мерейтойымен құттықтады.

Дархан Сатыбалды Қазақстанның халық жазушысының шаңырағына барып, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.

«Сіз Қазақстанда ғана емес, халықаралық деңгейде де көрнекті ақын, терең ойлы қаламгер әрі беделді қоғам қайраткері ретінде сый-құрметке ие болдыңыз. Сіздің гуманистік идеяларыңыз ұлттық мәдениет пен қоғамдық-саяси ойдың асыл мұрасына айналып, әлемге кеңінен танылды. Бірегей шығармашылығыңыз арқылы қазақ халқының тарихи санасының жаңғыруына өлшеусіз үлес қостыңыз», — делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Алматы әкімі Олжас Сүлейменовке әдебиетті, қоғамдық ой мен ядролық қаруға қарсы қозғалысты дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі үшін алғыс білдірді. Ол қаламгердің бастамасымен құрылған «Невада-Семей» қозғалысы ядролық сынақтарға қарсы күрестің символына айналып, Семей ядролық полигонының жабылуына маңызды рөл атқарғанын жеткізді.

Олжас Сүлейменовтің есімі тәуелсіз Қазақстан тарихына алтын әріппен жазылған. XX-XXI ғасырлардағы көрнекті ақын, заңғар жазушы өзінің әдеби мұрасымен ғана емес, белсенді қоғамдық-саяси қызметімен де әлемге кең танылды. Оның шығармалары көптеген тілге аударылып, көп таралыммен жарық көріп, оқырман қауымның зор сұранысына ие болып келеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскемен қаласындағы Әміре Қашаубаев көшесінде орналасқан орта мектептің қабылдау бөлмесінде өрт шықт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысының атынан Алматы әкімі Дархан Сатыбалды көрнекті ақын, жазушы әрі қоғам қайраткері...