Алматыда Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына арналған поэзия кеші өтті

Фотосурет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

ӘДЕБИЕТ
448

Алматы қаласында Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде көрнекті ақын, ҚР Мемлекеттік Гимні авторы Жұмекен Нәжімеденовтің туғанына 90 жыл толуына орай «Менің елім – жыр елі!» атты поэзия кеші ұйымдастырылды.

Іс-шара аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен шыққан Жұмекен Нәжімеденовтің таңдамалы шығармалар жинағының тұсаукесері өтті.

Поэтикалық кешке зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, Жұмекен Нәжімеденовтің ұрпақтары, студенттер мен оқушылар, сондай-ақ әдебиетсүйер қауым қатысты.

Кеш соңында Геральдикалық зерттеулер орталығы мен балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық «Ұлан» газеті бірлесе ұйымдастырған «Туған жерім менің, Қазақстаным» атты әңгімелер байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Аталған байқау Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдық мерейтойына және «Ұлан» газетінің 95 жылдығына орай ұйымдастырылды. Сайысқа еліміздің әр өңірінен 50-ден астам оқушы қатысты.

Сонымен қатар іс-шара барысында «Ұлан» газетінің жас тілшілеріне арнайы куәлік табысталды.

author

Жұмекен Нәжімеденов

АҚЫН

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар...