«Байрағы биік байтағым» республикалық жазба ақындар мүшәйрасына өтінім қабылдау басталды

Фотосурет ЖИ

ӘДЕБИЕТ
40

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы мен Астана күніне орай ел руханиятын асқақтатып, азаттық идеясын ұлықтау мақсатында «Байрағы биік байтағым» республикалық жазба ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылады.

Аталған мүшәйраның негізгі мақсаты – тәуелсіз Қазақстанның рухын, ұлттық бірлігі мен елдік мұратын жырлайтын поэзиялық шығармаларды дәріптеу, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу және ақындарға шығармашылық қолдау көрсету.

Мүшәйраның міндеттері

– Ақындық өнерді дамыту және насихаттау;

– Жаңашыл ақындарды қолдау;

– Ақындардың шығармашылық және көшбасшылық қабілеттерін анықтау;

– Рухани-мәдени құндылықтарды дәріптеу;

– Мәдени мұраны сақтау, дамыту және тарату;

– Жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу;

– Ұлттық және әлемдік мәдени құндылықтарға бейімдеу.

Мүшәйра шарты

Әр қатысушы төмендегі екі бағыт бойынша өлең ұсынуы тиіс:

1. Азаттық тақырыбындағы бір өлең;

2. Астанаға арналған бір өлең (лирика, толғау, баллада және т.б.).

Негізгі талаптар

– Ұсынылған шығармалар бұрын еш жерде жарияланбаған және басқа әдеби байқауларға қатыспаған болуы қажет;

– Қатысушының жасы 18-ден жоғары болуы тиіс;

– Арнайы білімге шектеу қойылмайды;

– Өлеңдер компьютерде 14 шрифтпен терілуі қажет;

– Хатта міндетті түрде қатысушының аты-жөні, қысқаша өмірбаяны, мекенжайы, байланыс телефоны, электронды поштасы көрсетілуі тиіс.

Марапаттау

– Бас жүлде – 1

– I орын – 1

– II орын – 2

– III орын – 3

– Ынталандыру сыйлығы – 5

Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Қазылар алқасы

Үміткерлердің шығармаларын кәсіби қазылар алқасы бағалайды.

Сарапшылар пікірі бойынша ең үздік авторлар мүшәйраның қорытынды кезеңіне шақырылады.

Шығармаларды қабылдау мерзімі

2026 жылғы 10 маусымға дейін.

Қабылдау поштасы

📩 astanapoets@gmail.com

Байланыс телефоны

📞 +7 747 702 97 97

Ескерту

1. Шығармаларды көрсетілген поштаға жібергеннен кейін келіп түскендігі немесе қабылданғандығы жайлы ақпарат сіздің поштаңызға жауап-хат ретінде келеді. 24 сағат ішінде кері байланыс болмаған жағдайда ғана байланыс нөміріне хабарласып, анықтауыңызға болады.

2. Мүшәйраға қатыса отырып, қатысушылар ұйымдастыру комитетіне шығармаларды, фото және бейнематериалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және ақпараттық материалдарда пайдалануға келісім береді.

3. Кәсіби фото және бейнетүсірілім ұйымдастыру комитетінің алдын ала келісімімен ғана жүзеге асырылады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әнші Тамара Асар әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды, деп хабарлайды MadeniPo...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодарда сот балабақша тәрбиешісіне қатысты үкім шығарды, ол 2–2,5 жастағы 16 баланы азаптағ...