“Бас жүлде — 15 млн теңге”: “Жаңа роман” әдеби байқауы жарияланды

Photo: MadeniPortal.kz/AI

ӘДЕБИЕТ
226

Елімізде ауқымды “Жаңа роман” әдеби байқауы жарияланды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Тұңғыш рет жоғары деңгейде өткізіліп жатқан ірі әдеби конкурстың бірнеше басты ерекшелігі бар. Ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша, байқауға жас мөлшеріне қарамастан еліміздің барлық қаламгерлері қатыса алады. Ақтық мәреге үздік деп танылған бес жұмыс іріктеліп алынады.

Үздік деп танылған бес шығарманың біреуі жеңімпаз деп танылып, 15 000 000 теңге көлеміндегі сыйақыға ие болады. Сонымен қатар, аталмыш роман желісі бойынша демеушінің қолдауымен көркем фильм түсіріледі.

Ал, қалған төрт авторға 3 000 000 тг көлеміндегі сыйақыла төленеді. Барлық авторлардың аталмыш туындылары демеуші есебінен баспадан кітап болып шығарылады. Осы бес жұмыстың толымды роман болып шығуына дейін авторларға ай сайын қаламақы төленеді.

Бұл байқау ERG компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимовтың жеке қолдауымен өткізілмек.

Еске сала кетейік, конкурстың ережесімен jana-roman.kz сайты арқылы танысып, сонда аталған талаптар бойынша көрсетілген электронды мекенжайға шығармаларды жолдай аласыздар.

 

PESTEL

Иран Израильге жүздеген баллистикалық ракета жіберді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Иранның рухан...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада Байқоңыр ауданының аумағындағы Алаш тас жолы бойындағы мекенжайда қоқыс өртенген, деп хабар...