Бүгін Алматыда «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді

ӘДЕБИЕТ
3401

8 желтоқсан Алматыда «Айбоз» республикалық ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. Үміткерлердің өтінімдері 2022 жылдың 15 маусымы мен 1 қазаны аралығында қабылданған болатын. Осы уақыт ішінде барлық жанрлар бойынша 400-ден астам өтінім түскен. 



«Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драма», «Үздік көркем аударма», «Үздік балалар әдебиеті», «Үздік комикс» және «Үздік кітап дизайны» сынды жеті номинация бойынша жеңімпаздар 5 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болады. 

Марапаттау рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, көрнекті қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, жазушылар және т. б. қатысады. 

Өтетін күні:08.12.2022 ж., сағат 16:00.

Өтетін орны:Алматы қ., Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы, Ш. Қалдаяқов к-сі, 35.

Байланыс нөмерлері:+77019145588 (Гаухар Омарбек, ҚР МСМ БАҚ-пен өзара іс-қимыл департаментінің директоры)

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...