Ішкі мінәжат жыры һәм СИЛЬВИЯ ПЛАТ

Фотосурет ашық дереккөзден

ӘДЕБИЕТ
461

(уәйімді эссе)

Конфессиялық (confessio) поэзия немесе шектен тыс сеніммен дінге тым беріле сенушілерге жол ашатын ғибадат жыры деуге келетін бір жанр бар әлемдік әдеби өмірде. Бізше мінәжат жыры деуге сәл жақынырақ келетін болар. Балғожа бидің баласы Ыбырайға жазған хатындағы меңзеу толғауы және Шығыс Түркістандағы жыршы Ақыт қажы Қарымсақов-Алтайский жырлары осыған тура оқшас жыр жазылды ма дейміз!? Әрине әдебиеттегі бұл жанр мүлдемге бұрыс дәстүр емес. Поэзия әлеміндегі түрлі жанрларды іздеп кезіп кетеміз осыдан кейін.

Сонау Америкада Бостон, Массачусетсте мешінде 1932 жылы 27 қазанда туған Сильвия Плат ақын еді нағыз. Ол түбеселікті осынау жаңаша үлгіде соны стильде жазды. Өте сезімтал қыз 8 жасынан өлең құрастырды да 18 жасында бүткіл британдық жас ақындар арасында жақсы танылды.

Сильвия Плат өзі зиялы отбасынан туған арда қыз еді. Әкесі Отто Эмиль Плат (Otto Emil Plath, 1885-1940) неміс келімсегі шешесі Аурелия Шёбер Плат (Aurelia Schober Plath, 1906-1994) американдық азаматша. Тегі жағынан абстриялық әулеттен. Сильвия Платтың өмірлік жолы да өте күрделі болған. 

Ол, әуелі Смит колледжінде үздік оқыды (1951). Бірақ, өкінішті жағдайға душар болды депрессия жүйке індетіне шалдықты. Жалпы ақын қыздардың көбінің өмірінде кездесетін жүйке дерті оны айналып өтпеді. 1955 жылы ұйықтататын дәрі ішіп өзін өзі өлтіруге шейін барды. Өлеңдері жарияланып қатты қуанса да одан уақапты түрде ләззатты қуат ала алмады. Кембридж университеті (University of Cambridge) қасындағы Ньюнхэм колледжінде оқып жүргенінде балалар ақыны Тед Хьюзбен (1930-1998) танысса да оны әйтеуір бастабында жасырып жүрді. Ақыры 1956 жылы жастар бір түтіннің астында бірге тұра бастады да 1958 жылы некелесті. 

Содан 1960 жылы қызы, 1962 жылы ұлы өмірге келді. 1960 жылы алғашқы төтен тебінді жыр жинағы жарыққа шықты. Сильвия Платтың бүркеншік есімі Виктория Лукс еді. 

Ол, 1963 жылы ақпанда қайтыс боларының алдында ғана жазған «Қоңыраулы құмыра» романын осы бүркеншік атпен жария қылған.

Иә, ақыры ерлі-зайыпты екеуі Лондонға қоныс аударды. Ең қатаң қаһарлы қыс орын алған осы барыс жылғы жұтаңдық бүткіл британдықтарды күйзелткен-ді. Ал, аязды қыста оның күйеуі 1962 жылы Тед Хюьз Ася Вевилл деген әйелмен әуейі болды да аурушаң екі жас сәбиі мен суық үйде Сильвия Плат жесір қала берді. 

Құдай бетін ары қылсын: жүйкені тоздырған індеттен болған өте аянышты өлім осы ма деп те қаламыз. Ол үшінші рет өзін өзі өлтіруге тәукел еттті. Бұл туралы ақынның құрбысыы тегі африкандық өзі британдық жазушы әйел Jillian Becker (1932-1972) «Түсіп беру: Сильвия Платтың соңғы күндері» (Giving up The last days of Sylvia Plath) 2002 жылы жарық көрген еді. Өте ғажайып мұңлы жазба. 

Біздің қазақтың атақты ақындарының бірі -. Абыралы-Аққораның-Арғыны, жыршы Жанақтың тегінен тарайтын Төлеужан Исмайлов (1932-1972) руһани тағдырымен Сильва Платпен ұқсас. 

«Аңқыған сезім келген күз демімен, қарақат айнымайды қыз демінен...» деп лирикалық өлеңімен сазына қайтқан қаздай қиқулатып өткен-ді ол. Сильва Плат құсап орта мектепті өте ерекше оқыды. Қаз МУ-ді 18 жасында (1951) бітірді. Тұңғыш кітабы (1958) жасындай жарқ етті! 

Бірақ, «Мен де өлермiн, топырақпен теңелем...» деп өлімді көксеген сықылды, ол да!?

Ойпырым-ай, сол үрейлі кездің өзінде Төлеужан ақын «Қойлар» деген өлеңінде: «Баран» деді бізді мұқап орыстар..» деп тұтқиылдан періп өткенін оқырман жақсы біледі.  

Әдебиеттегі романистлік жолын: АҚШ жазушысы Теодер Драйзердің (Theodore Herman Albert Dreiser1871-1945) «Америкалық трагедия» (1925) романын аударумен ашты.

Екеуінен де бір жыр жинағы және бір роман қалған. Сильвия Платтан - «Ариэль» (1960), Төлеужан Исмайыловтан - «Есіл» (1959). 

&

Бүгін осы Американың атақты адуын ақыны Сильвия Платтың өмірге келген күні екен. 

Мына өлеңін ұсынамыз.

 

ЕССІЗ ҚЫЗДЫҢ МАХАББАТЫ

 

Үр дүние қараңғыланады жұмсам көзімді, 

Түрлер жарқырап кірпігімді ашып оянсам.

(Мен ойымнан жасадым жаным өзіңді)

Үркер билеген биік сеңгірде қалқып бояу сан.

Үстімнен жауып төнеді қапас жыртық мұң,

Үр дүние қараңғыланды – жұмсам кірпікті.

 

Түсімде мені арбадың, құштың жөптедің,

Мас қылдың айым әніңмен естен тандырдың.

(Мен сені рас ойымнан жасап жандырдым)

Тозақтың оты өшті де құлады құдай Көктегі,

Періште кетті қасымнан – шайтан айыққан,

Көзімді жұмсам – дүние кеткен ғайыпқа.

 

Мүмкін сенің келгенің қайта – оң дедім,

Қартайдым қазір атыңды мүлде ұмыттым.

(Сірә мен сені қиялмен жинап тірілттім)

Ғайыптың құсын сүйгенім һәм жөн бе еді,

Жыл құсы қайта оралғанындай үміттің.

Көзімді жұмсам – дүние ғайып төңірегім,

(Сірә мен сені қиялдан жасап өңдедім...).

 

Mad Girl's Love Song

 

By Sylvia Plath

 

"I shut my eyes and all the world drops dead;

I lift my lids and all is born again.

(I think I made you up inside my head.)

The stars go waltzing out in blue and red,

And arbitrary blackness gallops in:

I shut my eyes and all the world drops dead.

I dreamed that you bewitched me into bed

And sung me moon-struck, kissed me quite insane.

(I think I made you up inside my head.)

God topples from the sky, hell's fires fade:

Exit seraphim and Satan's men:

I shut my eyes and all the world drops dead.

I fancied you'd return the way you said,

But I grow old and I forget your name.

(I think I made you up inside my head.)

I should have loved a thunderbird instead;

At least when spring comes they roar back again.

I shut my eyes and all the world drops dead.

(I think I made you up inside my head.)"

 

Сұраған Рахметұлы

author

Сұраған Рахметұлы

АҚЫН

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада көпқабатты үйдің қасбеті құлаған сәтте өзгелерге көмек көрсетуге ұмтылып жүріп ауыр жаралан...