Астаналық ару душтан шыққан бетте референдумда дауыс берген (ВИДЕО)

коллаж: MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
934

Астанадағы сайлау учаскелерінің бірінде сайлаушылардың назарын ерекше перформанс аударды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдум аясында дауыс беруге ақ халат пен үй шәркесін киген жас белсенді робот-итпен бірге келді.

Оның мұндай ерекше келуі бірден жиналғандардың қызығушылығын тудырды: көпшілік тоқтап, суретке түсіп, видеоға түсіре бастады. Кадрлар әлеуметтік желілерде тез тарады.

Робот-ит дауыс беру рәсімі кезінде белсендіні учаскеде ертіп жүрді. Қыз тіркеуден өтіп, бюллетеньді дауыс беру жәшігіне салды.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Соған байланысты бұл бейне алдын-ала ойластырылған видео болуы мүмкін.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...