Референдум: Головкин Таиландта дауыс берді

Сурет: Сыртқы істер министрлігі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1156

Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Тайландта дауыс берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің президенті, «World Boxing» ұйымының президенті Геннадий Головкин Бангкок қаласында өтіп жатқан World Boxing Futures Cup 2026 халықаралық турниріне қатысу аясында Қазақстанның Таиландтағы Елшілігі жанындағы 453 референдум учаскесіне келіп, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдумда дауыс берді.

Геннадий Головкин азаматтардың ел үшін маңызды шешімдерді қабылдауға қатысуының маңыздылығын атап өтіп, республикалық референдумның мемлекеттің одан әрі дамуы мен нығаюындағы рөліне назар аударды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтық цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әзербайжан астанасы Бакуде 23 жастағы суретші Гүляра Мехтиева пышақ жарақатынан ауруханада көз жұмды...