Алпысыншы жылдардың ішінде ақын Сырбай Мәуленов Ұзақбай деген кісімен көп уақыт бойы дос болып жүред...
Исраил Сапарбай туралы ешкім білмейтін тың дерек
Сурет ашық дереккөзден алынды
Белгілі ақын Исраил Сапарбай өз туған жылын нақты білмейтінін айтып, ол жайлы тек жорамал негізінде ақпарат алғанын айтқан болатын, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Бұл туралы Аман Тасығанмен сұхбат барысында бөліскен.
Оның айтуынша, бала кезінде ата-анасы төрт баланы, бір атты және бір есекті алып, қазіргі Түркістан өңіріне қоныс аударған. Кейінірек құжат рәсімдеу кезінде туу туралы куәлік қажет болғанда, әжесі мұндай құжат ешқашан жасалмағанын айтқан.
Ақын туған уақытын сол әжесінің естелігіне сүйеніп шамалап көрсеткенін атап өткен.
"Апа, міне, азамат болдым. Құжат алайын деп жатырмын. Қай жерде туғанымды білемін. Қай жылы, қай ай, қай күні тудым" десем, "ой, айналайын, қайдан білейін" дейді. "Ту туралы куәлік бар емес пе?" десем, "Қайда қалғанын білмеймін, ауылда ма, жолда ма?" деді", - деп еске алған еді.
Осылайша, ол апасынан қай жылдың шамасы екенін сұраған. Ал апасы қырғын соғыс кезі екенін, жер гүлдеп жатқан шақ екенін айтқан. Сөйтіп, ақын Ұлы Отан соғысы, көктем мезгілі шығар деп топшылаған.
"Мамыр болар деп ойладым. Отыз күнді қақ бөлдім, он бесінші мамыр болды. 1941 жыл дедім. Кейін төлқұжатты алдым. Сөйтсем, 1941 жылы 15 мамырда әлі соғыс басталмаған екен. Құжат дайын. Солай болып кетті. Қазір сұрасаңыздар, 1941 жылы 15 мамырда туғанмын", - деген екен ақын.
Айта кетейік, Қазақстанның халық жазушысы, белгілі драматург, талантты сазгер Исраил Сапарбай қайтыс болған еді.