Мен түнгі Алматы ішімен келе жатырмын. Шамдар сөнген, пәтер терезелері қараңғы, ойымда ештеңе...
Көпен енді келмейді...
Бүгін белгілі сатирик, журналист Көпен Әмірбек өмірден өтті.
Көпен Әмірбек 1950 жылы 29 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданына қарасты Ешкіқора елді мекенінде дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң Отырардағы халық театрында еңбек жолын бастаған.
Ол саяси сатиралық «Ара-Шмель» журналында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактор, ғылыми-техникалық «Білім және еңбек» журналында жауапты хатшы, «Қазақ әдебиеті» газетінде сатира және юмор бөлімінің меңгерушісі, «Егемен Қазақстан» газетінде фельетон бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Жоғарғы сотында баспасөз хатшысы, Қазақ радиосында бас редактор боп қызмет істеді. Саяси-қоғамдық сатиралық «Ара» журналының Бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы сатира кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.
Көпен Әмірбек «Қымызхана», «Тамаша» ойынсауық отауының белсенді авторы ретінде, сондай-ақ өзі құрған «Көпен келе жатыр!...» атты сатиралық театрымен көрерменге кеңінен танылды. Орыс әдебиетінің классиктері И.Крылов, С.Михалков, С.Маршактың мысал-мысқылдары мен лезгин сатиригі Жамидиннің және өзбек әзілкеші Абдулла Қаһардың бірсыпыра сықақ өлеңдерін қазақ тіліне аударды. «Аты жоқ кітап», «Алып», «Тілім қышып барады», «Қысыр әңгіме», «Мың бір мысал», «Ауызбастырық», «Өзіңді танисың ба?», «Көпен келе жатыр!...», «Із», «Көкемнің көзі», «Па, шіркін, пародия!...» атты әзілсықақ, сын мақалалар кітабының авторы.
madeniportal.kz ұжымы Көпен Әмірбектің ағайын-туған, жақын-жуығына қайғырып көңіл айтады.
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
- Viber
ЖАҢАЛЫҚТАР
Танымал журналист Дина Төлепберген ұлттық киіммен пилонда би билеген қыздың желіде қызу талқыға түск...
ЖАҢАЛЫҚТАР
Астанаға жарысқа бара жатқан балалар мінген көлік апатқа ұшырады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Ш...
Оқи отырыңыз
ӘДЕБИЕТ

Басын осы жерден оқи аласыз12 тарауҒаламның ауруханаға түскеніне бір апта болған. Осы күндері о...
ӘДЕБИЕТ

Дәуірдің сүзгісінен өткен санаулы кітаптар ғана әлсін-әлсін соғатын уақыттың дүлей дауылына төтеп бе...
ӘДЕБИЕТ

«Ана тілі» газетінде қызмет етіп жүрген кезім еді. Жаз кезінде кезекті еңбек демалысына...
ӘДЕБИЕТ

Шәкәрім Құдайбердіұлы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданындағы, Шыңғыстау бөктерінде 1858 жы...
ӘДЕБИЕТ

Кез келген атауда сиқыр күш бар деседі. Адам түгіл жан-жануар өзіне бағышталған сөзді естігенде тұла...
ӘДЕБИЕТ

Көзіқарақты оқырман, әдебиет десе ішкен асын жерге қояр әрбір азамат жақсы білетін болар, әр елдің р...
ӘДЕБИЕТ

Кенесарының жұмбағыҮш жүз жылдай патшалық Ресейдің езгісінде, онан соң жетпіс төрт жыл кеңестік импе...