Мәртебелі поэзия: Ұлықбек Есдәулеттің кеші өтті

ӘДЕБИЕТ
4547

Қала әкімдігінің бастамасымен қолға алынған «Мәртебелі поэзия мінбері» іс-шараның ашылу салтанаты «Отырар» кітапханасында өтті, — деп хабарлайды "Мәдениет порталы" Rastimes.kz сайтына сілтеме жасап.

Жиынға қала әкімі Ерлан Айтаханов қатысты.Поэзиялық апталықтың алғашқы жиыны ҚР жазушылар Одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулетке арналып, рухани іс-шарада ақын Ұлықбек Есдәулетке сый-құрмет көрсетті.

Шығармашылық кеште жазушы Мархаббат Байғұт ізгі ниетін білдірсе, филология ғылымдарының кандидаты Анар Жаппарқұлова арнау өлеңін оқыды.

Әдеби шарада қауым Ұлықбек Есдәулеттің отты жырларымен сусындады. Ақын жырынан рух алды. Ташкенде жарық көрген Қарағай кітабының тұсауы кесілді. Бұл кітап бумасын Отырар кітапханасына Өзбекстаннан осы кешке арнайы келген ақындар табыс етті. Мәртебелі поэзия мінберінде көркем ойдың сұлулығы айқындалды. Ақынжанды қазақ өз болмысымен қауышты.

Сондай-ақ, Ұлы Абайдың өлеңдері мен қара сөзіне де кезек берілді. Енді поэзия апталығы әр жұма күні өтеді. Іс-шараға республикаға, қалаға және ТМД елдеріне танымал ақындар шақырылады. Жыр сүйер қауым көркем жырлармен сусындамақ.

Фото: Береке Сейітжаппар

author

Ұлықбек Есдәулет

АҚЫН

ЖАҢАЛЫҚТАР

Австралияның Сидней қаласында белгісіз екі адам Бонди-бич жағажайындағы адамдарға оқ атты, деп хабар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан құрамасы Дубай қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындарында 68 медаль...