Андрей АствацатуровБала кезімде төңіректің бәрі маған қатер төндіріп тұратын дұшпан тәрізді көрінеті...
Қытай ақыны Шүй Жымоның танымал өлеңі
Фотосурет ашық дереккөзден

Шүй Жымо 徐志摩 Xu Zhimo (1897 – 1931), Қытайдың аса талантты ақыны, жазушысы, эссеисті, «Жаңа ай» поэзия ағымының өкілі, «Жаңа ай» поэзия қоғамының және Жиң-шиң ғылыми қоғамының мүшесі болған.
1915 жылы Хаң-жоу №1 орта мектебін тәмамдаған. Кейін Шаңхайдағы Ху-жияң университетінде, Тяньцзиньдегі Бэйяң университетінде және Бейжің университетінде білім алған. 1918 жылы АҚШ-тағы Кларк университетінде банк ісін оқыды. Он айдың ішінде оқуын аяқтап, бакалавр дәрежесін алды және бірінші дәрежелі құрмет марапатына ие болды. Сол жылы Нью-Йорктегі Колумбия университетінің магистратурасына түсіп, экономика факультетінде білімін жалғастырды. 1921 жылы Ұлыбританияға барып, Кембридж университетінде еркін тыңдаушы ретінде саяси экономияны зерттеді. Кембридждегі екі жылында Батыс білімінің ықпалына және еуропалық романтизм мен эстетизм поэзиясына терең сусындады. Бұл оның романтикалық поэзия стилінің қалыптасуына негіз қалады. 1930 жылы Шанхай мен Нанжиңдегі қызметінен кетіп, әйгілі ғалым, қоғам қайраткері Ху Шының шақыруымен қайтадан Бейжің университетіне профессор болып оралды, сонымен қатар Бейжің әйелдер педагогикалық университетінде де сабақ берді.
1931 жылы 19 қарашада Шүй Жымо «Жинан» атты пошта ұшағымен солтүстікке сапар шегіп бара жатқанда, қалың тұман салдарынан ұшақ тауға соғылып, қайғылы қазаға ұшырады. Оның әйгілі шығармаларының қатарында «Кембриджбен қайта қоштасу» және «Флоренциядағы бір түн» бар. «Кездейсоқ» оның әлемге таралған махабат лираикасы.
КЕЗДЕЙСОҚ
Жүрегіңе түссе кездейсоқ көлеңке
Абыржыма да
Шаттанба
Өзі-ақ кетер көзді ашып жұмғанша.
Теңізде кездестік түн қараңғы
Сен өзің, мен өзім, ұқсамайды бағыт та;
Жадыңда сақтарсың –
Ұмытқаның әлде қайда жақсырақ,
Сол кездесуде бір-бірімізге түсірген нұр-жарық.
Түпнұсқасынан аударған: Қалбан Ынтыханұлы