Ақтөбеде прокуратура қызметкері ұсталды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1013

Ақтөбе облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі ведомство қызметкерлерінің бірінің ұсталғаны туралы ақпаратты растады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Қадағалау органының мәліметінше, 2026 жылғы 17 ақпанда прокуратура қызметкерін ҚР ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің Орталық аппараты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ішкі қауіпсіздік департаментімен бірлесіп ұстаған.

«Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп қосты баспасөз қызметі.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілмейді.

PESTEL

Түркияның Ыстанбұл қаласында 26 жастағы қазақстандық қыз қайғылы жағдайда қаза тапты. Алдын ала мәлі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көріпкел Ақгүл Есетқызы Ақтау маңындағы Каспий теңізінде оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 14 сарбазға...