Жүрсін Ерман Қазақстанның Халық жазушысы атанды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
280

Бүгін Алматы қаласында ақын , журналист, қазіргі айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерманның 75 жылдық тойын атап өтіп жатыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Осынау мерейлі күннің қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Қазақстанның Халық жазушысы» атағына ие болды. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағына жазды.

Бұл атақты осыған дейін Төлен Әбдік (2023), Смағұл Елубай (2023), Бексұлтан Нұржекеұлы (2023), Софы Сматаев (2023), Ахметжан Аширов (2023), Любовь Шашкова (2023), Темірхан Медетбек (2024), Валерий Михайлов (2024), Исраил Сапарбай (2024), Марфуға Айтхожина (2025), Ғаббас Қабышов (2025) алған болатын. 

Жүрсін Молдашұлы Ерман Ұлытау өлкесінде дүниеге келген. Ақынның шығармашылық жолындағы «Жанартау» атты алғашқы өлеңдер жинағы 1983 жылы басылып шықты. Оның қаламынан туған өлеңдер, поэмалар мен балладалар негізінен адам болмысын, тұлғаның ішкі жан дүниесін және рухани құндылықтар мәселесін қозғайды. Жүрсін Ерман қазақ халқының байырғы мұрасы, ақындар айтысын қайта түлетуге, бұл өнер түрін теледидар және радио эфирлері арқылы кеңінен насихаттауға елеулі үлес қосты.

Көпжылдық еңбегі үшін ол Қазақстан Жазушылар одағының Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлығымен екі мәрте марапатталған. Сонымен қатар Халықаралық қазақ тілі қоғамының мүшесі және Ұлытау ауданының Құрметті азаматы атағының иегері атанған.

 

АЙМАҚТАР

Синоптиктер 2026 жылғы 9 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің басым бөлігінде со...

PESTEL

Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) 7 наурызда Иранның мұнай инфрақұрылымына алғашқы әуе соққылары жаса...