Жүніс Емре/ Жалған дүние

ӘДЕБИЕТ
4141
***
Білемін сені жалған дүниесің:
әулиелерді алған дүниесің.


Қашқан құтылмас сенің қолыңнан:
темір торларды салған дүниесің.


Сүйіктімді алып, мені жылатып,
жүзіме қарап күлген дүниесің.


Сүлеймен тағын қиранды қылып,
момындар мойнын бүккен дүниесің.


Диірмен аспан тұрады айналып: 
сен оны судан қысқан дүниесің.


Аспанмен бірге шарқ ұрар Жүніс
шарықты және бұзған дүниесің...


madeniportal.kz