«Ұлы дала жорығы» Петропавлдағы Абылай ханның кешеніне аттанады

МӘДЕНИЕТ
347

Биыл V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында өтетін «Ұлы Дала Жорығы» бірегей марафон-бәйгесінің республикалық іріктеу кезеңінің басталу күні белгілі болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

11 наурызда «JORYQ» республикалық ат спорты федерациясының президенті Бақытжан Тұрлыбеков Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовпен кездесті.

Атап айтқанда, кездесу барысында Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының қолдауымен өтетін марафон-бәйгенің ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ жиын барысында «Ұлы Дала Жорығы» республикалық іріктеу турының өтетін орны мен басталу күні белгіленді.

Осылайша, марафон-бәйгенің басталу нүктесі ретінде Петропавл қаласындағы Абылай ханның мұражай кешені-резиденциясы анықталды. Жоба 12 мамырда басталып, 17 мамырда Астанада аяқталады. Бурабай курорттық аймағының, Ботай мен Бозоқ көне мекендерінің көрікті жерлерін басып өтетін марафон-бәйгенің жалпы қашықтығы 500 шақырымды құрайды, - делінген хабарламада.

Үздік үштікке енген жеңімпаз командалар қыркүйек айына жоспарланған «Ұлы Дала Жорығы» халықаралық турына лицензияға ие болмақ. Қазіргі таңда аймақтық іріктеу турлары жүріп жатыр, олардың жеңімпаздары ұлттық іріктеу турына жолдама алады. Республикалық іріктеу кезеңінде орнатылған ең үздік жетістіктер Қазақстанның рекордтар кітабына (KINES) енгізіледі.

«Ұлы Дала Жорығы» – жылқы баласының ең мықты тұқымы анықталатын далалық лабораториясы.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...