«Қазан Кремль» мемлекеттік тарихи-сәулет және көркемсурет мұражай-қорығында «Яссау...
Биыл Наурыз мерекесі жаңа форматта тойланады
Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Сәбит Барлыбаев айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Наурыз мейрамының мән-мағынасын кеңейтіп, мазмұнын байытып жыл сайын 14-23 наурыз күндері Наурызнама онкүндігі аталып өтеді. Наурыздың логотипі белгіленіп, барлық аймақтарға жолданды. Тарихи тұрғыдан алғанда Наурыз мерекесін тойлау 8-9 күнге жалғасып оны «Наурызнама» деп атаған. Бұл туралы деректер біздің философ-жазушыларымыз Махмұт Қашқари, Абай Құнанбайұлы, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының еңбектерінде көрсетіліп жазылған,-деді Сәбит Барлыбаев.
Наурызнама онкүндігі:
14 Наурыз – Көрісу күні. Амал мерекесі деп аталады. Бұл еліміздің батыс өңірлерінде сақталған. Бүгінгі күні аталған мерекені барлық аймақтарда тойлау ұсынылды.
15 Наурыз - Қайырымдылық күні етіп белгіленді. Қоғамға қайырымдылық мәдениетін сіңіріп, жанашырлық пен өзара қолұшын беру құндылықтарын қалыптастыруымыз қажет.
16 Наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні аталып өтеді. Мәдениетіміз бен өнерімізді насихаттауға арналып, республика бойынша түрлі шаралар ұйымдастырылған.
17 Наурыз – Шаңырақ күні белгіленді. Отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, өнеге-ұрпақ тәрбиелеген үлгілі отбасыларға арналған іс-шаралар өтеді. Ақсақалдарымыз жас отбасыларға бата береді.
18 Наурыз – Ұлттық киім күні белгіленді. Еліміздің барлық өңірінде ұлтық киімімізді насихаттауға бағытталған түрлі іс-шаралар жоспарланған.
19 Наурыз - Жаңару күні көктемг іағаш егу дәстүрімен жалғасады.
20 Наурыз – Ұлттық спорт күні еліміздің барлық аймақтарында түрлі ұлттық спорттан жарыстар ұйымдастырылады.
21 наурыз – Ынтымақ күні жалпы халық бір-біріне деген сый-құрметтерін арттырып, татулық пен бірлікті насихаттау.
22 наурыз – Жыл басы. Бұл күні еліміздің барлық өңірлерінде жалпыхалықтық мәдени-спорттық іс-шаралар өткізіліп, стильді этноауылдар мен түрлі жәрмеңкелер ұйымдастырылады.