«Balavision 2023» балалар көрмесі ашылады

МҰРАЖАЙ
10078

2023 жылғы 1 маусымда сағат 11:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Balavision 2023» атты балалар көрмесінің ашылуы өтеді. 

Iс-шараның мақсаты: музейдегі «Кескіндеме және графика» үйірмеcі  жасөспірімдерінің шығармашылық нәтижелерін көрсету, өскелең ұрпаққа эстетикалық және патриоттық тәрбие беру. 

Үйірмедегі оқыту бағдарламасы тұлғаның әсемдікке қатысты қабілетін жетілдіріп, өмірдегі және өнердегі сұлулықты сезіне білу қасиетін қалыптастырады. Сонымен қатар әлемдік және отандық өнердің тарихын оқытып, шығармашылық тапсырманың орындалу техникасын меңгертеді.

«Кескіндеме және графика» үйірмесі 2015 жылдың маусымында ашылды. Үйірмеде ҚР Суретшілер одағының мүшесі Мұхтар Байбосынов дәріс береді. Осы уақыт аралығында үйірме мүшелері өздерінің 11-ден аса жеке көрмесін өткізіп, қайырымдылық көрмелері мен байқауларға қатысты. Үйірмеге қатысушы оқушылар жыл бойы ерекше қызуғушылық танытып, өз бойларындағы шығармашылық қабілеттерін арттыра түсті.

«Balavision 2023» атты балалар көрмесінде 25 оқушының әр түрлі сурет салу техникада жасалған 50-ден аса жұмыстары қойылмақ. 

Аккредитацияны nmrk.muzei@mail.ru поштасына 31 мамыр күні сағат 18:00-ге дейін жіберу қажет.

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...