Бейжің төрінде қазақ рухы мен дәмі тоғысқан Sandyq мейрамханасы ашылды

Madeniet Portaly

МҰРАЖАЙ
1184

Бейжіңде қазақ дәмі мен рухы тоғысқан Sandyq мейрамханасы ашылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz

2025 жылғы 2 қараша күні Қытай астанасы Бейжіңде қазақ мәдениеті мен ұлттық асханасын дәріптейтін Sandyq мейрамханасының салтанатты ашылуы өтті.

Sandyq — тек мейрамхана емес, қазақ халқының рухы мен дәмін біріктірген мәдени кеңістік. Мұнда келушілер ұлттық тағамдардың ерекше дәмін татып, көшпелі халықтың қонақжай дәстүрі мен өмір салтын сезіне алады.

Бұл жоба Бейжіңдегі Қазақ мәдени орталығымен бірлесіп жүзеге асқан. Мақсаты – қазақ мәдениетін әлемге таныту және елдер арасындағы достықты нығайту. Мекенжайы: 21st Century Building, 40 Liangmaiqiao Road, Chaoyang District, Beijing, China

Блогер Өркен Кенжебек өз парақшасында бұл оқиғаға ерекше әсерленіп, былай деп жазды:

“🇨🇳 Дәл бүгін халық саны бізден 70 есе көп, экономикасы 65 есе ірі көршіміздің жүрегінде @sandyq_restaurant ашылды. 5 жыл бұрын Шымкенттен басталған жоба осылай шетелге шығады деп кім ойлаған? Қазақтың ұлттық асханасын 80 мыңнан астам түрлі тағамы бар Қытайда таныту үшін түкті жүрек пен ыстық қайрат керек. Бұл іске @ruslan_berdenov, @syrymbek_tau және Ниязалиевтер секілді отансүйгіш азаматтар себепкер болды. Енді Sandyq – мәдени дипломатияның жаңа айнасына айналады деп сенемін.”

Блогер сондай-ақ жақын айларда Sandyq желісінің @tary.coffee атты кофеханасы Шанхайда ашылатынын, ал келесі нысандар Нью-Йорк пен Сингапурде жоспарланып отырғанын хабарлады.

Sandyq Beijing — қазақтың дәмі мен мәдениетін тоғыстырған, халықтар арасындағы достықтың жаңа көпірі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...