Сүйек сулық

коллаж: madeniportal.kz

МҰРАЖАЙ
832

Ат әбзелдері жылқыны мініс пен жегінге, жалпы шаруашылыққа пайдалануда қолданатын құрал-жабдықтар, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Халқымыздың бұрыннан бері қолданып келе жатқан ат әбзелдеріне ер-тоқым, өмілдірік, құйысқан, айыл-тартпа, ноқта, жүген, қамшы, шыбыртқы, шідер, өре т.б. жатады. 

Жүген ерте заманнан жеткен ат әбзелінің бірі. Ауыздық пен тізгін арқылы жылқыны ырыққа көндіру үшін қолданылады. Тізгін жүген пайда болған уақыттан бері өзгеріске түспесе, ауыздық дамудың бірнеше сатысынан өткені. Мәселен, ауыздықтың орнына бұрын сулық қолданылғанын екінің бірі біле бермейді. Сулық жүгеннің екі жақтауына бір-біріне қарама-қарсы қалыпта орналасып, бір шеті тізгінге бекітіледі.

Ең көне сулықтар біздің дәуірімізге дейінгі 4-ші мыңжылдыққа жататын Майкоп мәдениетіне тиесілі. Олар сүйек пен мүйізден жасалған. Біздің дәуірімзге дейінгі 1-ші мыңжылдықта сулықтар қола мен темірден жасалып, сақ, сармат, меот тайпаларында жиі қолданылған.

Көне дәуірде қолданылған сүйек сулықтың бір нұсқасы Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайында да сақтаулы тұр. Бұл бағалы жәдігер Торғай өңіріндегі Тоқанай-1 қонысынан археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған.

Батырлан САҒЫНТАЕВ

ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрсұлтан Назарбаев Жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда дауыс бер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда қаласындағы №375 референдум учаскесінде көпшіліктің назарын аударған ерекше әрі тағылымды...