Шымкентте жастарға арналған жаңа орталық пен жаңартылған этномузей ашылды

ашық дереккөзден алынған

МҰРАЖАЙ
347

Шымкентте жаңа комьюнити-орталық пен жаңартылған этнографиялық музей ашылды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Шымкентте жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және пікір алмасуға бағытталған жаңа комьюнити-орталық жұмысын бастады. Бұл туралы мегаполистің Ішкі саясат басқармасы хабарлады.

Жаңа жастар орталығы

Орталық Достық үйінде орналасқан. Бұрын жертөле ретінде пайдаланылған ғимарат талапқа сай қайта жөнделіп, қазіргі таңда тәулік бойы (24/7) жұмыс істейтін заманауи алаңға айналды. Мұнда бір мезетте 200-ге жуық жас қызмет ала алады. Орталық жоғары сапалы жарықтандыру және желдеткіш жүйелерімен жабдықталған.

Бұл жоба Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырмалардың нақты жүзеге асуы болып табылады. Сонымен қатар, орталықтың ашылуы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған маңызды шаралардың бірі саналады. Жоба Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен іске асқан.

Ассамблея қолдауы және 30 жылдықтың символы

Жаңа орталықта этномәдени бірлестіктердің мүшелері, «Ассамблея жастары» ұйымы және қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдар бас қосып, ел бірлігін нығайтуға бағытталған жобаларды талқылайды әрі жүзеге асырады. Сонымен қатар, мұнда би, хор, кітап клубтары мен басқа да шығармашылық үйірмелер жұмыс істеп, жастардың өзін-өзі көрсетуіне және дамуына мүмкіндік береді.

Ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, мемлекет және қоғам қайраткері, қалалық ҚХА ақсақалдар кеңесінің төрағасы Орынбай Рахманбердиев, сондай-ақ ассамблея белсенділері қатысты. Қонақтар ұлттық мәдени мұраға арналған көрмені тамашалап, орталықтың мүмкіндіктерімен танысты. Әкім орынбасары орталықтың қоғамдағы маңызды рөліне тоқталып, жастарға ел бірлігін нығайтуға және патриотизмді тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Ал Орынбай Рахманбердиев бұл игі бастамаға батасын берді.

Іс-шара соңында қала әкімінің орынбасары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен жастардың қатысуымен дөңгелек үстел өтіп, Президенттің соңғы Жолдауында және Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясында көтерілген негізгі бағыттар мен міндеттер талқыланды.

 Жаңартылған этнографиялық музей

Сол күні Достық үйінде орналасқан этнографиялық музей де жаңартылған экспозициясымен қайта ашылды. Мұражайда Шымкентте тұратын этнос өкілдерінің тұрмыстық заттары мен ұлттық киімдері қойылған. Жаңартылған көрме қаладағы ҚХА құрамындағы 17 этномәдени бірлестіктің мәдениеті мен тұрмысын көрсететін құнды жәдігерлерді қамтиды: ұлттық киімдер, тұрмыстық бұйымдар, музыкалық аспаптар және сәндік-қолданбалы өнер туындылары.

Қайта ашылуға орай «Бір шаңырақ астында» атты этнографиялық коллекциялар мен өнер туындылары көрмесі өтті. Шара этностардың мәдени мұрасын насихаттап, халықтар арасындағы достық пен татулықты нығайтуға бағытталды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада көпқабатты үйдің қасбеті құлаған сәтте өзгелерге көмек көрсетуге ұмтылып жүріп ауыр жаралан...