Жезқазғанда Халыққа қызмет көрсету орталығының жаңа ғимараты ашылады

МҰРАЖАЙ
3007

Жезқазғанда азаматтарға ыңғайлы болу үшін тағы бір халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады.


 

Жаңа ХҚКО ашылу қарсаңында ғимаратқа облыс әкімі Б.Әбдіғалиұлы барды.

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ұлытау облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Ж.Құлжанбековтың айтуынша, мұнда мемлекеттік қызметтердің барлық түрлері, соның ішінде цифрлық түрлері көрсетілетін болады. Ғимаратта құрылыс және жөндеу жұмыстары аяқталды, алдағы күндері кеңсе жабдықтары қосылады. 

Өңір басшысы ғимаратты аралап, атқарылған жұмыстарға оң баға берді. 

Халыққа қызмет көрсету орталығының ашылуы 28 желтоқсанға жоспарланған.

Жаңа ХҚКО Жезқазған қаласы, Абай көшесі, 9А мекенжайында орналасқан. Бұл ретте Момышұлы көшесінде орналасқан бұрынғы Халыққа қызмет көрсету орталығы өз жұмысын тоқтатпайды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісу облысында Жаркент қаласының тұрғыны бір ай ішінде сауда орталықтарының бірінен 600-ден астам...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңызға айналған британдық-непалдық альпинист Нирмал Пурджа (Нимсдай) 2026 жылғы 30 шілдеде Пәкістанд...