Павлодар мұражайына Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің сирек қолжазбаларының көшірмесі қойылды

МУЗЕЙ
2353

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде ақын Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Сарыарқаның кімдікі екендігі», «Тірлікте көп жасағандықтан, көрген бір тамашамыз», «Хал-ахуал» кітаптары негізінде «Ғұлама ақынның мұралары» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

Шара барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай М.Ж. Көпеевтің 1907 жылы жарыққа шыққан кітаптары таныстырылды. Бұл еңбектер «Ғылым ордасы» сирек қолжазбалар кітапханасынан алынған. 

- Алматы қаласындағы «Ғылым ордасы» сирек қолжазбалар қорында жылдар бойы сақталып келе жатқан ақынның асыл жауһарлары – қолжазбалары, кітаптары бар. Сол үш кітаптың көшірмелерін әкелдік. Ақынның «Сарыарқаның кімдікі екендігі», «Хал-ахуал», «Тіршілікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» атты үш кітабы 1907 жылы Қазан қаласында жарыққа шыққан. Сол кезде жазған шығармалары түгелімен қазақ халқының бостандығы, саяси-экономикалық құқықтарымен байланысты болған, - дейді Ербол Қайыров.

Музей басшысының айтуынша, патша әкімшілігінің цензурасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 1907 жылы шыққан кітаптарының барлығын «Ресей патша билігіне қарсы мақсатта жазылған» деп танып, туындылары баспаханалардан алынған. Сонымен бірге Құсайыновтар баспаханасына 12 000 сом айып салынып, ақын қудалауға ұшыраған.

Қазақ халқының ұлы ойшылы, атақты фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, дінтанушы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің кітаптарын кез келген адам музейге келіп оқып, таныса алады.

madeniportal.kz

author

Мәшһүр Жүсіп

ҒАЛЫМ

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...