Білім және ғылым министрлігі ата-аналардың баласымен әңгімелеспейтінін алға тартып, дабыл қақты.&laq...
Мемлекет басшысы жазушы Смағұл Елубайды қабылдады
Президент жазушы Смағұл Елубайды қабылдады деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты.
Кездесу барысында қаламгердің шығармашылығы туралы сөз болды. Сонымен қатар қазақ әдебиеті мен ұлттық киноның қазіргі жай – күйі талқыланды. Смағұл Елубай өзінің «Ақ боз үй» романының желісімен түсірілген фильм жөнінде баяндады. Картинаға өткен ғасырдағы қазақ даласында болған аштық яғни қазақ халқы кеңестік дәуірде бастан кешкен қиын кезеңдер арқау болған.
Жазушының «Ақ боз үй», «Мінәжат» романдары ашаршылық, сталиндік қуғын-сүргін жылдарын қамтыса, трилогияның үшінші кітабы — «Жалған дүние» романы (2001) айтулы «тоқырау заманы» кезеңіне арналған. «Ақ боз үй» трилогиясы өзінің көркем құрылымы, суреттілігімен де ерекшеленеді. Смағұл Елубайдың жазушылық шеберлігі осы шығармасынан айқын көрінеді. Романның жазылуына басты себеп – кеңес кезіндегі ашаршылыққа ұшыраған халықтың хал-ахуалы.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жазушының шығармашылығына табыс тіледі.