Бибігүл Төлегенова — 95 жаста

Фото: Астана Опера

ЖАҢАЛЫҚТАР
1864

“Астана Опера" театрында Қазақстанның әйгілі опера әншісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бибігүл Төлегенованың 95 жылдық мерейтойына арналған концерт өтті, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Концерт «Абай» операсының «Тойбастар» сахнасымен ашылды. Онда лауреаттар Расул Жармағамбетов пен Татьяна Вицинская, хор, оркестр және «Астана Опера» балет труппасы Руслан Баймурзиннің дирижерлігімен мерекелік көңіл-күй сыйлады. Концертке Шахимардан Әбілов, Айгүл Үлкенбаева, Альфия Каримова, Зарина Алтынбаева, Толқын Забирова, Самал Байсеитова, Айзада Омарова, Нұрғалым Аманбай сияқты танымал өнер қайраткерлері қатысты.

Фариза Оңғарсынованың «Бибігүл – ән» өлеңін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Өнербаев оқып берді.

Кеште әншінің шығармашылығының «символына» айналған Латиф Хамидидің «Бұлбұл» әнін оның шәкірті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забирова орындады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Австралияның Сидней қаласында белгісіз екі адам Бонди-бич жағажайындағы адамдарға оқ атты, деп хабар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан құрамасы Дубай қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындарында 68 медаль...