Облыста алғаш рет мұражай политехникалық деген атаумен 1932 жылы 7 қарашада ашылған. 1938 жылы обл...
Қарағанды бейнелеу өнерінің мұражайы
Қарағанды бейнелеу өнерінің музейі 1988ж қыркүйек айында ашылды. (1988ж. 4 маусымдағы № 183 Қаз КСР Мәдениет жөніндегі мемлекеттік комитеттің бұйрығымен), 1989 ж бейнелеу өнерінің музейі деген мәртебе берілді. Мұражайдың жалпы көлемі −1116 м, оның ішінде эспозицияда — 466 м, қорда — 114,6м.
Қордың барлық бөлімдері классификацияландырылған:
* Қарағанды бейнелеу өнері * Қазақстан бейнелеу өнері * ТМД бейнелеу өнері * Қазақстан графикасы * ТМД графикасы * экслибристер * Қазақстанның сәнді-қолданбалы өнері * ТМД және шетелдердің сәнді-қолданбалы өнері * Қазақстан және Ресей мүсіндері
Экспозициялар
Қарағанды Суретшілер Одағының дәстүрлі есеп беру көрмесі, конкурстық- көрмелер, мерейтойлық, тематикалық, мемориалдық және т.б.
Ең соңғы бір-неше жыл ішінде, музей Қазақстанның басқа музейлерімен жақсы қарым-қатынас құрды. Жыл сайын музей қызметкерлеріне архитекторлық ортамен, әртүрлі музейлердің спецификалық жұмыстарымен танысу мүмкіншіліктері туады: Шығыс- Қазақстан өнер музейі, Теміртау тарихи- өлкетану музейі, Петропавл өнер музейі, Астана. Қазіргі заман өнер музейі, Қорған суретшілер музейі (Ресей). «Румыния: өнер және руханият». Осындай достықтың нәтижесінде музейлер арасында көрмелер алмасуы болып тұрады,онда Қазақстанның және алыс шетел елдердің өнерлерін және мәдениеттерін көрсету.