2021 жылғы 9 маусым күні сағат 16:00-де ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 3...
Мәжіліс залы. "Қазақстан Республикасы: мемлекеттің қалыптасуы мен даму стратегиясының айқындалуы" экспозициясы
Қазақстан Республикасының қалыптасу мәселелеріне арналған экспозиция бұрынғы Резиденцияның Мәжіліс залында орналастырылған. Мұнда Мемлекет басшысының Үкімет мүшелерімен кездесулері, Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен, әкімдермен, министрліктердің басшыларымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдар және БАҚ өкілдерімен кеңестері өткен.
Қазіргі кезде осы залға қойылған музей экспонаттары тәуелсіз Қазақстанның конституциялық-құқықтық, аумақтық, стратегиялық, экономикалық, әлеуметтік және саяси реформаларының тарихын сабақтастырып, аша түседі.
Экспозицияда ішкі нарыққа емес, кеңестік кезеңдегі Одақтың қажеттілігіне бағытталған ел экономикасының күрделі әрі әркелкі өзгеруі қысқаша, жинақы етіп берілген.
Мемлекеттік жүйені реформалаудың аса маңызды элементтерінің бірі астананы көшіру мен оның құрылысы болып табылады. Мұрағат құжаттары, суреттер, карталар, эскиздер мен басқа да экспонаттар ел үшін мәні зор тарихи сәтті бейнелейді.