Джон Леннон мен Йоко Ононың махаббат хикаясы ел аузында әлі күнге дейін эпикалық әңгіме ретінде айты...
Күйші домбырасы музей қорына берілді
Алматыда Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында күйші-композитор Боранқұл Қошмағанбетұлының 100- жылдығына арналған музыкалық кеш өтті. Аталмыш іс-шараға күшінің ұрпағы, шәкірттері, қоғам қайраткерлері қатысты. Музыка орталығына Боранқұл Қошмағанбетұлының жеке домбырасы сыйға тартылды.
baq.kz-тің жазуынша, күйшінің 100 жылдығына орай «Кең жайлау» атты күйлер жинағы кітабының тұсауы кесілді. Аталған кітапта күйшінің отыз екі күйі нотаға түсіріліп, әр күйдің алдында шығу тарихы жазылған. Сонымен қатар орындау ерекшелігін басты назарға ала отырып, күйлерді QR код арқылы тыңдауға мүмкіндік бар. Бұл кітапқа автор «Жекеме, батыр, жекеме», «Үкілімайдың анасын аңсауы», «Немере жұбанышы», «Ықылас туралы толғау», « Ешкілі таудың етегі» сынды күйлерді түсірген.
«Оңтүстік Қазақстан, Қаратау күйшілік мектебіне үлес қосқан күйші. Бұл кісі жас үлкейіп қалса да, домбырадан алыстаған емес. Домбыра қазақтың жаны мен тәні, сырын шертетін айырылмас досы десем артық айтпағаным. Осы ретте, қазақ өнеріне өлшеусіз үлес қосқан тұлғаларымызды ардақтау біздің басты міндетіміз. Орындаған күйлерін жас ұрпақтың жадында мәңгілік сақталып қалуына үлес қосумыз керек»,– дейді ҚР Мәдениет қайраткері, Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының оқытушысы, доцент Мұрат Әбуғазы.
Күйші 1923 жылы Шу өңірінде дүниеге келген. 1944 жылы Жамбылдағы педагогикалық училищені бітіріп, 1944 жылы Талас ауданында мұғалім болған. 1952 жылы Шымкент қаласындағы мұғалімдер институтын бітірген. 1949 - 2006 жылдар аралығында әртүрлі мекемелерде қызмет атқарған.