Күйші Оразбек Сәрсенұлының туғанына 100 жыл толды (Видео)

МУЗЫКА
1889

Оразбек Сәрсенұлы

Биыл күйші Оразбек Сәрсенұлының туғанына 100 жыл толды. 

Атақты күйші жайында Жазушы, кинодраматург, күйші Таласбек Әсемқұлов:

«Қазақ күй өнерінде зерттеушілердің назарынан тыс қалып келген бір үлкен құбылыс бар. Ол - шертпе күй деп аталатын Арқаның нақысты күйі мен төкпе күй деп аталатын батыстың болат күйінің қақтығысқан жерінде пайда болған, ұлы мектептің де ерекшеліктерін бойына сіңірген Сыр бойының дәстүрі. Әлбетте, бұл дәстүр, бұл мектеп - шертпе күй мен төкпе күйдің механикалық қосындысы емес, көне замандардан тамыр тартқан аралық дәстүр. Таза, қоспасыз күй үлгілерімен жұмыс істейтін зерттеушілердің бұл күй мектебі туралы пікір айта алмауы осыдан болса керек.

Аталмыш мектептің өз шежіресі, өз классикасы бар. Әрине, бұл тараптағы ең үлкен тұлғалар - Әлшекей мен Сүгір. Біздің заманымызда бұл дәстүрді өрістеткендер – Әйкен күйші, ағайынды Қабыл мен Дабыл Ажақаевтар, Құтбай Дүрбаев, Шағдар Ақылбеков сияқты дәулескер домбырашылар.

Біз бүгін өнерін сөз етіп отырған күйші Оразбек Сәрсенов осы топтан, аталмыш күй тарландарының заңды мұрагері», – деге болатын.


Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...