Қазақстанда төртінші ұялы байланыс операторын құру мәселесі әзірге тек талқылау және талдау деңгейін...
«20 жылдық еңбегімнің жемісі»: Тоқаевтан марапат алған Дәурен Серғазин қуанышын айтты
Ақорда
Театр және кино актері Дәурен Серғазин Республика күні қарсаңында «Құрмет» орденімен марапатталды. Мемлекеттік награданы өнер иесіне Президент Қасым-Жомарт Тоқаев табыстады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Бұл туралы qazaqstantv жариялады. Мемлекет басшысы елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады. Олардың қатарында танымал актер Дәурен Серғазин де бар. Өнер иесі биыл шығармашылық жолына 20 жыл толғанын айтып, жоғары марапаттың өзі үшін ерекше маңызға ие екенін жеткізді.
«Өнер саласында жүргеніме биыл 20 жыл толды. Бұл марапатты сол еңбегімнің қорытындысы деп білемін. Марапат жауапкершілікті одан әрі арттырып, Қазақстан халқына мәдениет саласында қызмет етуге жаңа күш-жігер береді. Сондықтан өте қуаныштымын», – деді актер.
Сондай-ақ Дәурен Серғазин қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтап, елге тыныштық пен әр шаңыраққа амандық тіледі.
«Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болсын! Әр шаңыраққа жақсылық тілеймін. Әр азамат еліміздің дамуына өз үлесін қосса, нұр үстіне нұр болар еді», – деді ол.