Журналист Серғазы Мұхтарбек өмірден өтті

Фото: әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1666

64 жасқа қараған шағында журналист, қоғам белсендісі Серғазы Мұхтарбек өмірден озды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бұл жөнінде жазушы, журналист Жүсіпбек Қорғасбек желідегі парақшасында хабарлады.

"Тәуелсіздік пен демократияның құндылықтары үшін арыстандай алысып, қарпысып-шарпысып жүріп, Алтынбек бәріміздің досымыз, алғадай курстың серкесі Серғазы Мұхтарбек те дүниеден озды", - деп жазды. 

Серғазы Мұхтарбек 1961 жылы 5 мамырда дүниеге келген. Ол елдегі республикалық "Қазақстан" газетінің бас редакторы болған. 

Серғазы Мұхтарбек көзі тірісінде елдегі маңызды саяси оқиғаларға пікір-көзқарастарын мейлінше ашық білдіріп, қатысқан. Мысалы, ол былтыр АЭС бойынша референдум қарсаңында атом станциясы құрылысына қарсы шыққан белсенділердің ұсталғанын сынаған болатын. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін таңертеңнен бастап Алматыдағы №383 референдум учаскесінде ел үшін маңызды оқиғаға қатысқысы ке...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда таңнан бастап дауыс...